Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3218 0 пікір 7 Маусым, 2016 сағат 14:24

М.Құл-Мұхаммед қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев лаңкестер қолынан қаза тапқан ақтөбелік азаматтардың отбасыларына барды.

Атап айтқанда, олар 2016 жылғы 5 маусымда қаза тапқан Николай Александрович Онищенко мен Михаил Витальевич Матросовтың үйінде болды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Бердібек Сапарбаев қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына Елбасының атынан көңіл айтып, барша Қазақстан халқының олардың қайғыларына ортақ екендігін жеткізді.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары мен облыс әкімі Ақтөбе қаласында болған жантүршігерлік лаңкестік оқиғаға қатысы бар қылмыскерлер заңмен қатал жазаланатынын, қаза тапқандардың отбасыларына қолдау мен көмек көрсетілетінін айтты.

«Президент ешкімді мемлекет назарынан тыс қалдырмауды атап тапсырды», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2045
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2476
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2057
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595