Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 3851 0 пікір 15 Маусым, 2016 сағат 11:46

ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӨТПЕК

Жер комиссиясының кезекті отырысы 18 маусым күні cағат 11-00-де Алматы облысындағы "Байсерке агро" агрокешенінде өтетін болды.

Соған орай жер мәселесі дегенде жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген азаматтар, облыстағы шаруа қожалық басшылары, агрофирмалардың жетекшілері, қоғам белсенділері, журналистер облыс әкімшілігінен рұқсат алып, жиынға дайындала беруі қажет.

Жер комиссиясының басшылығы ауысуына байланысты бұл жолғы жиын өзгеше форматта өтеді деп жоспарланып отыр. 

Осындай жауапты кезде жан-жаққа тартып елдің берекесін алып отырғанымыз жарамайды. Біздің ұлтшылдар мен қоғам қайраткерлері бірігіп, мемлекеттің өзі құрып берген комиссиясына барып, өз ұсыныстарын өткізуге, ойларын айтуына болады. 

Abai.kz

 

0 пікір