Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Дін 11963 0 пікір 21 Маусым, 2016 сағат 08:28

ЗІКІРИЯ ЖАНДАРБЕК. САЛАФИТТІК ЖОЛДЫ ҚОРҒАЙТЫН СІЗ КІМСІЗ, ИЗБАИРОВ МЫРЗА?

Соңғы кезде еліміздің халқын дүр сілкіндірген оқиғалардың бірі Ақтөбедегі қанды қырғын болғандығы ешкім жоққа шығара алмайды. Өкінішке орай, «сол қанды қырғының негізгі себептері осы жолы да ашылмай қалады ма?» деген қауіп күн өткен сайын күшейіп келеді. Өйткені, біз мұндай қанды қырғынды 2011 жылы да басымыздан өткеріп, одан тиісті қорытынды шығармағандықтан, 2016 жылы сол оқиғаға тағы да тап болып отырмыз. Егерде осы жолы да осы қанды қырғындардың басты себебі ашылмай қалатын болса, онда үшінші рет біз мемлекеттігімізді, қазақ халқын, қазақ халқының рухани-мәдени болмысын сақтап қала алмайтынымыз анық.

«Бұл жерде бұған жеткізген қандай себеп еді?» деген заңды сұрақ туындары анық. Бұған елімізге ене салып, төр менікі деген уаххабилік-салафилік ағым себепкер болды. Бұл ағымның ықпалды қолдаушылары Ақтөбедегі қанды қырғынға қалайда, уаххабилік-салафилік ағымның қатысы жоқтығын дәлелдеу жолында барын салып бағуда. Салафилік ағым өкілдерінің жетекшілерінің бірі болып табылатын Б.Тілеуханов «Діннің бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ» деп мәлімдеме жасады. Ал, уаххабилік-салафилік ағымның қазақ жеріне таралуының ғылыми негізін жасаған А.Избаиров мырза болса, «Прежде всего, активизацию в мире радикальных исламистских структур, относящих себя к халифату созданного ДАИШ. Актобе в данном случае является звеном одного общего процесса, обусловленного как раз таки активизацией этих радикальных элементов. Как мы знаем, террористическая структура ДАИШ переживает сегодня третий этап своего развития» деп бұл оқиғаға салафилердің қатысы жоқтығын дәлелдемек болды. Сонда салафилер-уаххабилер мен «жихадшылардың», «тәкфиршілердің» арасында қаншалықты айырмашылық бар? Жалпы, сырттан келген діни ағымдардың қазақ үшін қаншалықты қауіпті?» деген заңды сұрақ туындары анық. Сондықтан алдымен діннің адамзат қоғамындағы орнына қатысты мәселеге қысқаша тоқталып өтелік.

Кез-келген халықты өзге халықтардан ажыратып тұратын – дәстүрлі мәдениеті мен діни танымы.  Егер де халық өзінің дәстүрлі дінінен бас тартып, өзге дінді қабылдайтын болса, онда ол халық жер бетінен кетеді. Өйткені, кез-келген халықтың мәдени ерекшелігін қалыптастыратын дәстүрлі діні болып табылады. Себебі, ол дінді сол халыққа берген, оның рухани, мәдени болмысы мен ерекшеліктерін қалыптастырған Жаратушының өзі болатын. Сондықтан, кез-келген халықтың дәстүрлі мәдениеті мен діни танымы қасиетті болып табылады. Бұл қасиетті қағиданы түрік-ислам тарихындағы ұлыларымыз: Абу Ханифа, Имам Матуриди, Қожа Ахмет Йасауи қатаң сақтады және түріктердің ислам дінін қабылдай тұрып, өзге халықтардың рухани, мәдени ықпалына түспеуі үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Абу Ханифа Құран аяттарына сүйене отырып, Алла Тағаланың әрбір халықтың өзіне ылайықты, табиғи ерекшелігіне сай келетін жол мен шариғат бергендігін, әр халық өзіне берілген жолды ұстанса ғана бақытқа жететін көрсетіп берді. Ал, Имам Матуриди болса, Алланың бірлігі мен барлығын, құдіретін тануда ақыл мен нақылдың ролін көрсетіп, Алланың әлемді жаратудағы мақсаты мен оны адам баласына сезіндірудегі ақыл құралының шексіз мүмкіндіктерін көрсетті. Ал, Қожа Ахмет Йасауи болса, адам тәнінің қажеттіліктерін өтеумен шектелетін шариғат шеңберінен шығып, рух әлеміне есік ашатын тариқат деңгейіне көтерді. Әулиелері ғайыб әлемімен сұхбатта болып, халқын туралық пен әділдік жолынан тайдырмай келіп еді. Осы жолдың арқасында өзге халықтарда орын алған рухани азғындық деген қазақ арасында мүлде болмаған екен. Екі жүз жылдан аса отарлық кезең де, оның ішінде жетпіс жылға созылған атеистік қоғам да қазақты өзінің рухани өзегінен оншалықты алшақтата алмаған болатын. Соңғы тәуелсіздік жылдарында салафилік-уаххабилік ағымның келуімен қазақтың дәстүрлі діни таным негіздеріне аяусыз соққы берілді. Соның нәтижесінде қазақ қоғамының белгілі бөлшегі өзінің рухани болмысынан ажырады. Сөйтіп, олар қазақы болмысқа қарсы дұшпандық әрекеттерін бастады. Ал, уаххабилік-салафилік жолдың қазақтың дәстүрлі діни танымынан қандай айырмашылықтары бар деген сұраққа жауап беруге тура келеді. Ендігі кезекті осы мәселені талдауға кезек берелік. 

Aхл ал-хaдиc өкілдерін немеcе caлaфилік жoлын aлғaшқы кезде пaйдa бoлғaннaн бacтaп бүгінгі күнге дейінгі тaрихынa үңілер бoлcaқ, oлaрды бacып өткен жoлынa, әртүрлі көзқaрacтaрдың ықпaлынa бaйлaныcты шaртты түрде 4 кезеңге бөліп қaрacтыруғa бoлады.  Алғашқы кезең сaлaф мутaқaддимин – хижри 3 ғacырдa қaлыптaca бacтaғaн. Caлaф мутaахирин –  caлaфиліктің екінші кезеңі бoлып, caлaфиліктің жетіле түcкен дәуірі деп те aтaлынaды. Ибн Тaймия тaрaпынaн жoлғa қoйылып, шәкірті Ибн Қaййим, aл-Жaузий тaрaпынaн жaлғacын тaпты. Oлaр сопылық танымға, сопылық таным негізінде қалыптасқан барлық дәстүрлерге, атап айтқанда, әулиелерді, әруақтарды сыйлап, қастерлеуге, жәрдем сұрауға, қабірлерді зиарат етуге, ақылды қолдануға, мұсылман халықтарының сенім негіздерін қалыптастырушы кәләм ғылымына қарсы шықты. Сенім негіздері тек Құран аяттары мен Пайғамбар сүннеттерінен тұру тиіс. Оларды ақылға салатындарды кәпір деп есептелді. Ал, оны ары қарай дамытқан, қазіргі біз білетін сәлaфилік-уaххaбилікті қалыптастырушы, Ибн Тaймия және Ибн Қaййим, aл-Жaузийдің жoлын жaлғacтырушы, әрі қaрaй дaмытушы Мухaммaд бин Aбдулуaһһaб болды. Көріп отырғанымыздай, бұл жол сол араб дәстүршілдігінен бастау алады және мұсылман дінін қабылдағандардың барлығы осы бір ғана жолмен жүруі тиіс деп есептейді. Арабтан басқа халықтардың өзіндік рухани-мәдени болмысындағы ерекшеліктерді қабыл етпейді. Олардың барлығы Исламға жат, дінге қосылған жаңалық-бидғат деп біледі. Осы жол еліміз тәуелсіздік алған соң еркін таралуға мүмкіндік алды. Өзінінің дәстүрлі діні негіздерінен ажырап қалған қазақ халқы бұл жолдың дұрыс-бұрыстығын ажырата алған жоқ. Оның үстіне Түркиядан келген Халифа Алтайдың осы жолдың өкілі болуы да, уаххабилік ағымның қазақ арасына тез таралуына ықпал етті. Мұндай діни ағымды қабылдаған қазақ жастарының ата-бабасының жолына қарсы шығуы заңды құбылыс болатын. Ең бастысы бұл ағымның қазақ халқының рухани болмысы, тұтастығы үшін аса қатерлі екендігін, сол ағымның соңына ергендердің елімізде 2011-2012 және 2016 жылдары бүлік шығаруы, бұл ағымның қазақ үшін де, мемлекет үшін де аса қатерлі екендігін толығымен дәлелдеді. Соған қарамастан, уаххабилік-салафилік ағымды ақтап алғысы келетін ықпалды топтар баршылық. Және біз оларды БАҚ пен әлеуметтік желілерде жазылған пікірлерден оқып жүрміз. Ең бастысы кезінде салафилік-уаххабилік ағымды қазақ арасына таратудың ғылыми негізін жасап, қазақ қоғамын одан ары дамытады деген түсінік қалыптастырған А.Избаиров, енді сол ғылыми ізденістері нәтижелерін салафилікті қорғаудың да құралына айналдырып отырғандығына куә болып отырмыз. Оның пікірінше, салафилік «байсалды» және «жихадшы», «тәкфірші» болып үшке бөлінеді. Алғашқысы жақсы, соңғы екеуі жаман деген түсінік қалыптастырғысы келеді. Осы мәселені тереңірек түсіну үшін, салафиліктегі айырмашылықты ашып көрсетуді сол Избаиров мырзаның өзіне бергенді дұрыс көріп отырмыз. Ол былай дейді: «По идеолого-теологическим установкам умеренных салафитов можно отнести скорее к обновленцам-реформаторам. Основной их идеал в сфере культа и ритуала – это неукоснительное следование Сунне пророка Мухаммада и первых трех поколений мусульман.» Демек, оның айтуынша, салафилік ең дұрыс жол. Біз де сол жолмен жүруіміз керек. Сонда ғана шын мұсылман боламыз дегенге сайып отыр. Сонымен бірге, ол «жихадшыларды» «байсалдылардан» мынадай прициптер негізінде бөліп қарастырады: «Однако коренное различие их от джихадистов лежит в области методов ведения борьбы за установление исламских положений. Умеренные салафиты не подвергают безоглядной критике современное состояние общества, понимая, что необходимо внести лепту в улучшение этого общества и являются сторонниками эволюционно-интенсивного движения к поставленным целям. В цели же не входят антиконституционные или антиобщественные методы. Задачами являются возврат к классическому мусульманскому сознанию, мягкая «шариатизация» и исламизация, а также работа на привнесение морали ислама во все сферы жизни.

Умеренные салафиты огульно не обвиняют единоверцев в куфре и ширке. Они более социализированы, далеки от антисоциальных акций. Умеренный салафизм дистанцировался от экстремистских притязаний, особенно это четко видно в трактовке вопросов «такфира» и «джихада». Қоғамды тез арада өз ыңғайларына қарай күшпен болса да, өзгерткісі келген «жихадшыларды» бір бөлек, қауіпті деп, ал сабырмен өз идеологияларын таратып, қоғамның рухани-мәдени болмысын өзгертіп жатқан «байсалдыларды» қоғамды нағыз мұсылмандық болмысқа апаратын шынайы мұсылман етіп көрсетеді. Бірақ, А.Избаиров мырза байсалды салафилердің де, жихадшылардың да, тәкфиршілердің де сенім негіздері бір екендігімен, сенімде бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқтығын есепке алғысы келмейді. Сенім негізі бір болған «байсалды салафидің» жихадшы немесе тәкфирші болып шығуы үшін көп уақыттың да, күштің де қажет емес екендігін түсінгісі келмейді. А.Избаиров мырзаның салафилікке қатысты бұл тұжырымдарын сол салафилік ағым өкілдерінің өзі жоққа шығарып отыр. Мысалы, ФБ-да жарияланған Ерсін Әміренің мына бір материалы бұған толық дәлел бола алады: «Мынау сəлəфилердің мадхалиті де, суруриті де, такфириті де мойындайтын Сауд Арабия патшалығының шейх Ибн Баздан алдыңғы муфтиі, Мухаммад ибн Абдулуаһһабтың шөбересі шейх Мухаммад ибн Ибраһим Əлу əш-Шейхтің пəтуасы. Ол кісіге "Үкім шығаруда шариғатты емес, заңды басшылыққа алатын елді тастап кету (хижрат жасау) керек пе?", "Намаз оқымайтын адамдармен бір шаңырақта өмір сүруге бола ма?" деген сұрақтар жолданған. Ол кісі бірінші сұраққа: "Заңмен басқарылатын ел Ислам елі болып табылмайды. Ол жерді тастап кету (хижрат жасау) уəжіп" деп жауап берсе, екінші сұраққа: "Ондай адамдармен бір шаңырақта өмір сүруге болмайды. Оларға насихат ету керек. Насихатты қабылдамаса оларды тастап кету керек" деген жауап айтқан. Елімізден Сирия, Ирак, Ауғанстан секілді елдерге хижрат жасаған немесе ата-аналарымен бір үйде өмір сүруден, яки бір дастарханда отырып ас ішуден бас тартқан сəлəфилердің осы шейхтың пəтуасын алмағандығына кім кепіл? 
Елдегі «Байсалды сəлəфилерде» проблема жоқ. Проблеманың барлығы Сəйд Құтыппен əсерленген тəкфирлерде. Шынайы сəлəфиліктен елімізге төнер ешқандай қауіп жоқ. Олар шыбынға да зиян келтірмейді» деп сайрайтын экспертсымақтарға сұрақ: "Шейх Мухаммад ибн Ибраһим Əлу əш-Шейх білімді қайдан алды?".

(Мухаммад ибн Ибраһим Əлу əш-Шейх. Фəтəуа уə рəсə-ил. - Мекке қаласы: Үкімет баспа үйі, 1399 һ.ж. VI том. Қажылық, жақсылыққа бұйырып, жамандыққа тыйым салу және жихад кітабы. 188-190 беттер. Пəтуа №1451, 1453.») Өте орынды пікір. Бұл салафилерді «байсалды», «жихадшы», «тәкфрші» деп бөлудің ешқандай мәні жоқ екендігін көрсетсе керек. Олай болса, А.Избаиров және т.б. салафилерді жанын салып қорғаушылардың көздегені не? Тіптен, сол салафилер ешқандай бүлік шығармады дейік.
 Бірақ, солардың ықпалымен рухани-мәдени болмысынан ажыраған халық ертең жер бетінде қазақ болып қалады ма? Жоқ! Өкінішке орай, мақсаттарының өзі сол екенін Избаиров мырза жасырмайды да. Ол өзінің диссертациялық еңбегінде салафилікті халық арасына таратудың мынадай жолын ұсынады:  «Программное положение умеренных салафитов в своем время, четко выразил лидер северокавказского салафизма Ахмад-кади Ахатаев: «Живя в этом обществе, мы преобразовываем его в исламское, путем воспитания и образования, мы не должны дать никому сбить себя с избранного пути донесения Ислама для всех. Мы не должны навязывать людям Ислам, но мы обязаны донести его до всех без искажений и отклонений, а для этого мы должны сами учиться и обучать других». Даже антисалафитские пропагандистские материалы признают, что «салафитская доктрина рациональна и доступна, обладает четкой, почти неопровержимой внутренней логикой». Осылай деп А.Избаиров мырза «байсалды салафилерді» әлемдегі ең үлгілі мұсылмандар деңгейіне көтереді. Әр халықтың Тәңір берген өзіндік ерекшелігі барлығына бас ауыртқысы да келмейді. Мақсат – бар қазақты арабтандыру. Ендігі кезекте біз осы А.Избаиров мырзаның осы бағытта жазған еңбектеріне  БАҚ беттерінде бізге дейін қандай баға берілгендігіне қысқаша тоқталып кетелік. Сонда ғана А.Избаиров мырзаның пәруана болып, салафилерді неліктен барын салып қорғап жүргенін түсінетін боламыз. Ол мақаланы жазған Аманбай Мейірман. Мақала «Адвокат дъявола» деп аталады. Сол мақаладан үзінділер келтіріп көрелік: «В статье "Столкновения с властью для салафитов неизбежны" (http://www.atyraunews.com/showNews4821.html) сделан подробный анализ сложившейся ситуации в религиозной среде Атырау, а также состояние в РК. Приводятся факты проникновения салафитов в ряды высокопоставленных чиновников, пишется об усиленном внедрении умеренности салафизма в общественно-политическом сознании граждан Казахстана. На практике эти разговоры оказываются опасным словоблудием. Дальше в статье говориться, что события в Атырау показали, что салафизм в Казахстане стал экстремистским и все попытки представить салафизм в Казахстане чуть ли не как "толерантный" только на руку салафитскому сообществу, поскольку это позволяет отвлечь внимание от него и не дать ход общественному обсуждению ваххабитской угрозы.

Диссертацию А. Избаиров защитил на тему: "Нетрадиционные исламские направления в странах Центральной Азии". (см. Хакназар Садвакасов. "Наука как средство легализации ваххабизма"

http://www.zonakz.net/blogs/user/patriot/17411.html). В автореферате диссертации содержится ряд положений, которые можно расценивать как скрытую реабилитацию салафизма и ваххабизма. Так, в качестве положений, выносимых на защиту, А. Избаировым отмечается, что "установлена разница в салафитских учениях между направлениями т.н. "умеренных" салафитов и радикальных "джихадистов", тем самым, подчеркивается необходимость деления ваххабитских течений на опасных и не опасных. Автор классифицирует нетрадиционные исламские направления на следующие типы: 1) "крайние радикалы"; 2) "радикалы", "своими действиями представляют угрозу национальной безопасности"; 3) умеренные салафиты, "действия которых остаются в рамках чисто теологических споров". Если деструктивность первых двух не вызывает сомнений, то в последнем положении прослеживается попытка подчеркнуть, что умеренные салафиты не представляют угрозы государству. Также А. Избаиров выявляя якобы "конфликтный потенциал" суфизма, наводит на мысли о неприемлемости данного учения, как обычно это делают салафиты. Мы здесь не случайно упоминаем о суфизме, так как именно салафиты яростно выступают против данного учения, обвиняя их в нарушении таухида и нововведении ритуалов. Следует также учесть, что А. Избаиров в начале своей карьеры, работая в должности младшего сотрудника Института востоковедения, активно сотрудничал с молодежным крылом Всемирной исламской лиги, пользующейся репутацией проваххабитской организации».

Осы үзіндінің өзі-ақ А.Избаиров мырзаның кім екендігін және кімдермен байланысты болып, кімдердің арқасында жетілгенін  көрсетсе керек. Избаиров мырза өзінің ғылымдағы саналы өмірін салафилік идеологияның қазақ жеріне кедергісіз таралуы үшін қолынан келгеннің барын жасағанын көруімізге болады. Ақтөбеде 5 маусым күні болған жарылыстан соң берген интервьюінде А.Избаиров мырзаның жанын салып, «байсалды ислам» өкілдерін қорғағанын көрдік. Ол электрондық БАҚ арасында кейбір саясаткерлер мен журналистердің ықпалымен халық арасында Исламға қарсы теріс көзқарас қалыптасып келе жатқандығын, еліміздегі исламофобиның күшеюіне ықпал етіп отырғандығын, осы терактіні сырттан қаржыландырушылардың өз дегеніне жеткендігін, хиджаб кигендерге, «сақалдыларға», «қысқа балақтыларға» қарсы теріс пиғыл қалыптастырылып отырғандығын алға тартты. Бұдан шығудың жолы уаххабилік-салафилік ағымына толық еркіндік беру дегенді айтады. Сөзіміз дәлелді болу үшін А.Избаиров мырзаның өзіне сөз беріп көрелік. Ол былай дейді: «В случае возвращения благоприятного фона для мусульман страны, такфиризм останется без идеологического оправдания необходимости своего нахождения в Казахстане, ведь рост такфиризма был зафиксирован именно в пик исламофобии 2011 года, когда официально были приняты запретительные меры. К тому же, при вербовке ресурсы Интернета были четко использованы идеологами терроризма.» Демек, елімізде терактілерді болдырмаудың жалғыз жолы - уаххабилік-салафилік ағымға толық еркіндік беріп, олардың қазақ халқының рухани-мәдени болмысын халық санасынан толық шаюға мүмкіндік беру. Сонда ғана еліміз тыныш өмір сүреді. А.Избаиров өзінің берген көптеген интервьюлерінің бірінде журналистің «Тәкфиризмді күшпен  жеңу мүмкін емес демексіз бе?» деген сұрағына былай деп жауап береді:«Не победить! И доказательства тому мы видим уже не первый год. Ложный образ мученика за веру только героизирует террористов в глазах их единомышленников и провоцирует новый приток свежей крови. Борьба с такфиризмом, как показывают результаты исследования общественной организации «Ак-Ниет», возможна только на идеологическом фронте. Но сначала надо устранить факторы, способствующие такфиритам достигать успехов в вербовке новых людей, а именно: некоторые отрицательные примеры дискриминации мусульман в Казахстане, в особенности попытки запрета платка в школах и другие.» А.Избаиров мырзаның жауабы шындыққа жақын екендігін мойындауымыз керек. Ашынған уаххабилердің жихадшылар мен тәкфіршілердің қатарын толықтыратыны анық. Олай болмасын деп, уаххабилік идеологияға толық еркіндік берілетін болса, онда «байсалды салфилік» қазақтың тамырын кеспейді ме? Бұл жерде біз А.Избаиров мырзаның ұсынысынан қалай болғанда да уаххабиліктің ұпай түгел болсын, дамуға мүмкіндік алсын деген пиғылын көріп отырмыз. Сонымен бірге, мұсылман деп уаххабилік-салафилік бағыттағыларды ғана айтатынын аңғару қиын емес. Қазақтың дәстүрлі дінін ұстанатын халықты мұсылман деп танымайтынын да көруімізге болады. Ол сенім артып отырған «Ақниет» қоғамдық қорының уаххабилік-салафилік бағыттағылармен жасаған жұмыстарының нәтижелі болып жатқандығына күмәнім бар. Өйткені, «Ақниет» өкілдері барып уағыз айтқан жерлерде, уаххабиліктен беті қайтқандардың қайтадан сол ағымға бет бұрғандығын көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Жалпы, А.Избаиров мырзаның уаххабилік-салафилік бағытты қорғаштауы, соларды ғана мұсылман деп қабылдауы мұнымен шектелмейді. Бірақ, біз олардың барлығына тоқталып жатуды қажет деп таппадық. Өйткені, бұл оның өмірлік ұстанымы және ол бағытынан қайта қояды дегенге сенім аз. Оның үстіне А.Избаировтың жоғары лауазымды қызметтерге қол жеткізуі, мемлекеттің тікелей көмегі арқасында іске асқан жоқ па деген күдік те жоқ емес. Олай дейтініміз А.Избаировтың «Мегаполис» газетіне берген сұхбаты алдына берілген анықтамада былай жазылған: «Асылбек Каримович Избаиров – религиовед, доктор исторических наук. Закончил Алматинский государственный университет им. Абая в 1999 году, факультет истории. С 2000 по 2006 гг. работал в Институте востоковедения МОН РК в Алматы. В 2004 защитил кандидатскую диссертацию, в 2009 – докторскую. Работал главным экспертом в Центре судебной экспертизы, директором центра внутренней политики Академии госуправления при президенте РК.» Мұндай қызметтерге қол жеткізу кез-келген жас маман түгіл, біліктілігі жоғары, тәжірибелі мамандардың да қолынан келе бермейді. Бұл жерде А.Избаиров мырзаның ондай дәрежеге қол жеткізуі оның ұстанған бағытына, уаххабилік-салафилік бағыттың белді маманы болуымен ғана байланыстыруға болады. Демек, мемлекет бұл бағытқа алғашында өзі қолдау көрсеткен жоқ па? - деген сұрақты қоюға мәжбүр етеді. Ал, мемлекеттің бұл бағытқа қолдау көрсеткен болса, онда оның астарында не жатыр? Енді сұрақтарға кезегімен жауап беріп көрелік. Ол үшін аздап шегініс жасап, уаххабизмнің тарихына қысқаша шолу жасауға мәжбүр боламыз.

Уаххабилік-салафилік ағым алғашқы қалыптасқан кезеңінде Батыс елдерінің Османлы империясын іштен ірітуге бағытталған басты идеологиялық құралы болды. Османлы империясы күйреген соң, Батыс бұл идеологияны ұмытқандай да болған. Кеңес өкіметі Ауғанстанға әскерін кіргізген сәттен бастап, бұл идеологяны қайта іске қосты. Кеңес өкіметінің ыдырауы мен жаһандану үдерісінің басталуы қатар келді. Батыс елдері алдында отарлық бұғаудан енді шығып, жаңадан қалыптаса бастаған тәуелсіз мемлекеттерге ерік бермеу, қалайда өз ықпалына ұстау мақсаты тұрды. Ол үшін тәуелсіздік алған халықтардың өздерінің дәстүрлі діні мен мәдениетін қайта қалпына келтіруге, халықтың рухани тұтастығын қалыптастыруға мүмкіндік бермеу қажет болды. Халықты өзінің дәстүрлі діні мен мәдениетінен ажыратып, рухсыздандырмайтын, ұлтсыздандырмайтын болса, жаһанданду үдерісі өз деңгейінде жүре алмайтындығы немесе мүлде жүрмейтіндігі белгілі болатын. Осы мақсатқа жетудің төте жолы кез-келген халықтың дәстүрі мен мәдениетін, рухани болмысынан ажыратып, халықты рухсыздандыратын уаххабилік-салафилік идеология екендігін әлемдік жаһандану үдерісі технологтары жақсы түсінді. Сондықтан да, уаххабилік-салафилік идеологиясын Батыс елдерінің жаһандану үдерісіне мүделі болып отырған топтары өздеріне Ислам әлеміне қарсы қолданатын басты идеолгиялық қаруы етіп алды. Соңғы 20-25 жыл көлемінде уаххабилік-салафилік идеологияның таралмаған мұсылман мемлекеті қалмады десе болады. «Араб көктемі» осы идеологияның белсенді әрекеті арқасында іске асқандығын, әлі де асып жатқандығын, уаххабилік-салафилік ағым өкілдері шығарған бүлікте әркезде Батыс мемлекеттері солардың одақтасы болғандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Қазақстанның Батыс облыстарында уаххабилік-салафилік ағым ықпалының тез артуына ол жерлердегі мұнай кеніштерінің Батыстық инвесторларға берілуі тікелей ықпалын тигізді. Уаххабилік-салафилік бағыттағы алғашқы топтар осы мұнай компанияларының айналасында, сол компанияларда жұмыс істейтін жұмысшылар арасында пайда болғанына 2007  жылғы жүргізген зерттеу жұмыстары кезінде көз жеткізген болатынбыз. Бұл жерде «ол не үшін қажет болды?»- деген заңды сұрақ туындары сөзсіз. Оның жауабы мынау: біріншісі, жаһанданудың стратегиялық бағытына сай қазақ халқының рухани-мәдени тұтастығына нұсқан келтіру; екіншісі, сол жерде басқа діни сенімді ұстанатын, радикалды бағыттағы топ қалыптастыру. Қазақстан үкіметі келісім-шартты қайта қараймыз дейтін болса, сол топты іске қосып, бүлік шығарту мүмкіндігін дайындау еді. Мақсат – осыны пайдаланып, инвестициямызды қорғаймыз деген желеумен, Қазақ жеріне әскер кіргізу болатын. Әзірге бізді Құдай мұндай кең көлемдегі қақтығыстан аман сақтап келеді. Оның үстіне Ресей мемлекетінің өзінің әскери қуатын қайта қалпына келтіруі – Батыстың мұндай әрекетке баруына тосқауыл болып отыр. Біз бүгін сол саяси технологияның берген жемісін көріп отырмыз. Егерде осы айтылғандарды ары қарай талдайтын болсақ, Батыстың алпауыт мемлекеттері Қазақстанды жаһандану үдерісі шеңберінде тырп еткізбей ұстау үшін сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ қазақтың мойнына инвестицияны қылбұрау етіп салғанын көруімізге болады. Біздің елімізге тек инвестиция келген жоқ, сонымен бірге, қазақ қоғамын іштей ірітуге бағытталған түрлі идеологялық іріткілер келді. Қазақстан Республикасының алғаш қабылданған заңы «Ар-ождан және діни сенім бостандығы» заңы болуы инвесторлардың ықпалымен қабылданды деп айтуға негіз бар. Оны кез-келген сырттан келген діни секталарға мемлекет тарапынан қысым көрсетілетін болса, онда шетелдік ұйымдардың өре түрегеліп қорғап шығуы соның айғағы болса керек. Бұл заң елімізге түрлі діни ағымдар мен секталардың еркін кіріп, әрекет етуіне мүмкіндік берді. Бұған елімізде қабылданған деидеологизация үдерісін қосыңыз. Қазақ өзінікін мынау менікі деп айтудан қалды. Қазақ зиялыларының ана жерден, мына жерден шырылдап, қазақтың тілі, діні, мәдениеті деп шырылдағаны есепке алынбады. Уаххабилік-салафилік ағым қазақ халқына жасалған діни-идеологиялық шабуылдың басты құралына айналды. Қолында Құраны, аузында Алласы болған соң алғашында қазақ бұлардан оншалықты жамандық күте қойған жоқ. Уаххабилер алдымен қазақ қоғамы руханиатына ықпалы бар тұлғаларды өз қармақтарына түсіруге әрекет жасады.  Топтап қажылыққа апарды. «Шын» діннің қайсы екендігін көрсетті. Олардың көпшілігі уаххабилердің сойылын соғып кетпегенімен, қазақ халқының дінін, рухани болмысын қорғаушылар қатарынан шығып қалды. Өйткені, олардың санасына күдік кірді. Діннің қайсы дұрыс, қайсысы бұрыс деген сұраққа жауап таба алмай, қазақ қоғамындағы рухани үдерістерден өздерін шеттетуге мәжбүр болды. Оның үстіне ҚМДБ басшылығының діни кадрларды дайындау үшін шетелдерге жастарды топтап жіберуі де, мәселені күрделендіре түсті. Ол жақта дайындалып келген мамандардың көпшілігі сол уаххабилік идеологияның, ең аз дегенде араб дәстүршілдігінің қармағына түскеніне бүгінгі күні куә болып отырмыз. Бүгінгі жоғарғы білімді деген кез-келген имамның Ислам негіздерінен хабары болғанымен, ол білімді қазақ руханиатымен сабақтастыра алатын қауқары жоқ. «Араб дәстүршілдігі» қазақ руханиатынан көрі, уаххабилік танымға жақын екендігін ескеретін болсақ, онда қазіргі мешіттердің уаххабилік идеологияға қарсы тұруға қауқарсыз болу себептерін айтпай-ақ түсінуімізге болады.

Уаххабилік-салафилік бағыт өкілдері тек діни-идеологиялық бағыттағы іс-әрекетімен шектеліп қалған жоқ. Қазақ қоғамы ішінде өзінің әлеуметтік базасын қалыптастыру жолында көп әрекет жасады. Олары да жеміссіз емес. Түрлі салада уаххабилік-салафилік ағым өкілдерінің жәрдемімен құрылып, солардың сөзін сөйлейтін әлеуметтік топ қалыптасып үлгерді. Олардың үлес салмағы өндірісте, машина саудасы мен қосалқы бөлшектер саудасында, құрлыс пен құрлыс материалдары саудасында, жалпы бөлшек саудада бар екендігі, уаххабилер ықпалындағы азаматтар қолында екендігі жасырын емес. Толассыз салынып жатқан мешіттерді салдырушы азаматтардың көпшілігі осы әлеуметтік база өкілдері болу мүмкін екендігін де жоққа шығаруға болмайды. Басымызға бәлекет болып жабысқан осының барлығы қазақ басына өздігінен келген жоқ. Жаһандану үдерісінің жас мемлекеттерді өздеріне тәуелді етудің негізгі құралы-инвестиция арқылы келіп отырғанын халықтың көпшілігі сезіне бермейді. Бүгінгі қазақ мүддесіне қарсы қабылданып жатқан жерге, тілге қатысты қабылданған шешімдердің астарында да осы «құдіретті» инвестицияның ықпалы жатыр. Бұған қарсы тұруға мемлекеттің өзі қауқарсыз екендігін түсінуге тиіспіз. Егерде мемлекет қауқарлы болса, өзінің діни-идеологиялық тәуелсіз саясатын қазақтың дәстүрлі діні мен мәдениетін қорғай отырып жүргізер еді. А.Избаиров сиқты уаххабилік-салафилік ағым өкілі қолына мемлекеттің тағдырына тікелей ықпал ететін орынға басшылыққа қойылмаған болар еді. Өкінішке орай, мемлекеттің өзінде ондай ерік жоқ. Барлығы құдіртетті инвесторлардың қолында.  Сондықтан да «уаххабилік-салафилік ағымға тыйым салу керек»- деп қазақ қоғамы шулағанымен, бұл мәселеге тыйым салуға шамамыз келмеуі мүмкін. Себебі, олардың артында жаһандану үдерісін әлемдік деңгейде жүргізіп отырған алпауыттар, трансұлттық корпорациялар тұр.

Қорыта айтқанда, бүгінгі күні қазақ халқының, қазақ мемлекеттігінің басына қара бұлт үйірліп тұр. Қазақ халқының тарих сахнасында қалу-қалмауы халық пен мемлекеттің бірлесе қимылдап, өзінің діни-идеологиялық, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз еткенде ғана жүзеге асатын болады. Халық та, мемлекет те «байлық, ақша»- деп, шашыла бермей, өз мүмкіндігіне қарай өмір сүріп үйренулері керек. Олай болмаған жағдайда, еліңнен де, жеріңнен айырлатыныңды ойлан, Қазақ! Бігінгі күні қыл көпірдің үстінде тұрғаныңды ұмытпа!

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1341
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1189
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 936
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1044