Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3115 0 пікір 9 Шілде, 2010 сағат 06:34

Еуропа Лигасында қарағандының «Шахтері» польшаның «Рухына» жеңіліп қалды

Алматы. 9 шілде. ҚазТАГ - Қарағандының «Шахтері» Еуропа Лигасының бірінші іріктеу рауындының қарымта матчында польшаның «Рухына» 1:0 есебімен жеңіліп қалды.

Ойынның 59-шы минутында польшаның ойыншысы Собех жалғыз голды салды.

Еске сала кетсек, бір апта бұрын Қарағандыда да «Рух» 1:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Сөйтіп, екі кездесудің қорытындысы бойынша «Шахтер» Еуропа Лигасының ойындарынан шығып қалды. Ал польшаның командасы екінші іріктеу кезеңіне өтіп, мальтаның «Валетта» командасымен ойнайды.

0 пікір