Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3059 0 пікір 9 Шілде, 2010 сағат 06:33

Еуропа Лигасында Қостанайдың «Тобылы» боснияның «Зриньски» командасына жеңіліп қалды

Алматы. 9 шілде. ҚазТАГ - Қостанайдың «Тобылы» Еуропа Лигасының сырт алаңдағы бірінші іріктеу рауындының қарымта матчында боснияның «Зриньски» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Бірінші болып ойынның 10-шы минутында босниялықтар есеп ашты. Екінші тайымда Қостанайлық Нұрбол Жұмасқалиев есепті теңестірді. Бірақ 72-ші минутта босниялық жартылай қорғаушы Миле Пехара есепті 1:2 -ге жеткізді.

Еске сала кетсек, бір апта бұрын Қостанайдағы алғашқы кездесуде «Зриньски» 1:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Сөйтіп, екі кездесудің қорытындысы бойынша «Тобыл» Еуропа Лигасының ойындарынан шығып қалды. Ал боснияның командасы екінші іріктеу кезеңіне өтіп, Сан-Мариноның «Тре Пенне» командасымен ойнайды.

0 пікір