Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3257 0 пікір 9 Шілде, 2010 сағат 06:32

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы кәсіби-техникалық білім жүйесін реформалау жобасына $29,2 млн бөледі

Алматы. 9 шілде. ҚазТАГ - Дүниежүзілік банктің атқарушы директорларының кеңесі Қазақстандағы кәсіби және техникалық білім беруді жаңарту жобасын жүзеге асыруға $29,2 млн көлеміндегі заемды мақұлдады, делінген банктің жұма күні таратқан хабарламасында.

«Жоба экономиканың басты секторларындағы еңбек өнімділігін арттыруға және өнеркәсіптің негізгі салаларының сұранысын қанағаттандыру үшін Қазақстанның техникалық және кәсіби білім беретін мекемелерінің, шағын және орта кәсіпорындарының әлеуетін арттыруға бағытталған»,- делінген хабарламада.  

Республикалық бюджеттен $4 млн қосымша қаржыландыруы бар жалпы құны $33,23 млн болатын жобаны 2010-2013 жылдары ҚР білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады. Дүниежүзілік банк заемды 6 айлық ЛИБОР мөлшерлемесіне тең мөлшерлемемен 4 жыл жеңілдікті кезеңмен беріп отыр.

Хабарламада атап көрсетілгендей, жоба Қазақстандағы техникалық және кәсіби білімнің сапасы мен тиімділігін арттыруға көмектесіп, оны кәсіби-техникалық білімнің стратегиялық жүйесі мен институционалдық әлеуетін жетілдіру арқылы қазіргі қажеттіліктерге жауап беретін деңгейге жеткізеді.

«Біз бұл жоба иннновациялар зертханасы болып, танылған әлемдік тәжірибені енгізіп, пилоттық негіздегі жаңа әдістерді жүзеге асырып, Қазақстанның болашақтағы саяси дамуына, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті Дүниежүзілік банк тарапынан жоба бойынша жетекшісі Дингйонг Хоу.

Баспасөз мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, жоба келесі бағыттар бойынша қолдау көрсетеді: кәсіпорындардың қажеттіліктерін ескере отырып, сапаны бағалау бойынша ұлттық біліктілік шеңбері мен институционалды аккредитация жүйесімен байланысты біліктілік стандарттарын әзірлеу; кәсіби-техникалық білім жүйесін басқару мен қаржыландыруды жаңарту; жаңа мамандықтарға сұранысты қанағаттандыру және тұрақты экономикалық және қарқынды индустриалды-инновациялық дамуды қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалар бойынша колледждер мен лицейлердің институционалдық әлеуеттерін күшейту.

«Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы міндеті - үкіметке әртараптандырылған және тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізуге, халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға қолдау көрсету.  1992 жылдың шілде айынан бері банк Қазақстанға жалпы сомасы $5,2 млрд асатын 35 займ берді», -  делінген ДБ хабарламасында

0 пікір