Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3647 0 пікір 1 Шілде, 2016 сағат 09:39

Жер кодексінің даулы баптары уақытша тоқтатылды

Заң президенттің 6 мамырда шығарған жер кодексінің кейбір баптарының күшіне енуіне мораторий жариялау туралы жарлығын заңдастыру үшін қабылданған.

Заңда 2016 жылы 2 қарашада қабылданған "Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының кейбір нормаларына моратоиий қойылатыны көрсетілген. Ол нормаларда шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқтарға, шетелдік заңды тұлғаларға және жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі 50 пайыздан көп заңды тұлғаларға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді жалға пайдалануға беру қарастырылған. Сонымен қатар мораторий енгізілген ережелерде мемлекет меншігіндегі ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді жекеменшікке беру де көзделген.

24 сәуірде Атырау қаласында "жер мәселесіне" қатысты өткен алғашқы ірі шеруден кейін Қазақстанның өзге де бірнеше қаласында көпшіліктің қатысуымен наразылық акциялары өтті. Акция белсенділерінің бәрі қамауға алынды. Осы шерулерден соң Қазақстан президенті жер кодексіндегі шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерін жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзарту туралы даулы баптарға жыл соңына дейін мораторий жариялап, үкімет жанынан жер реформасын қоғаммен талқылайтын комиссия құрылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар