Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3188 0 пікір 8 Шілде, 2010 сағат 11:33

Саясаткерлер Ыстық Көлдегі пансионаттарды мемлекет меншігіне қайтару туралы мәселе Қырғызстан мен Қазақстан қарым-қатынасын қиындатуы мүмкін деп есептейді

Бішкек. 8 шілде. ҚазТАГ - Игорь Шестаков. Қазақстанның төрт пансионатын Қырғызстанның мемлекет меншігіне қайтаруы Қырғызстан мен Қазақстан қарым-қатынасын күрделендіруі мүмкін, дейді саясаткер Марат Қазақпаев.

«Өз кезінде Қырғызстан парламенті заңды түрде Қазақстанға пансинаттарды қайтарып берді. Сол себепті қазір сол заңды шешімді қайта қараудың ешқандай заңгерлік негізі жоқ», - деді М. Қазақпаев ҚырТАГ тілшісіне бейсенбі күні берген сұхбатында.

Ол, пансионаттарды Қазақстанға беруді туризм саласына салынған инвестиция деп қарастыру керек дейді. Сарапшы, Қырғызстанның көлікпен тасымалданатын негізгі жүк ағымы Қазақстан территориясы арқылы өтетінін және Қазақстан «республикаға белсенді инвестиция салып отырғанын атап өтті».

Осы себепті ол, «Қырғызстан Қазақстан сынды стратегиялық серіктеспен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі болуы тиіс» деп есептейді.

Оның пікірінше, «аталған мәселені тек мемлекет басшысының бастамасымен ғана қайта қарауға болады».

Сарапшының бұл пікірін республикадағы туризм саласының маманы, «C.A.T. Сompany» компаниясының жетекшісі Данияр Казаков та қолдап отыр. Атап айтқанда, «Автомобилист Қазақстана», «Самал» демалыс үйлері мен «Қазақстан» санаториін және «Университет» тынығу-сауығу лагерін қазақстандық тарапқа беру, Қырғызстанның ұлттық мүддесіне сай келеді, дейді ол.

«Республиканың негізгі туристік тынығу аумағы Ыстық-Көл болып табылады. Шетелдік қонақтардың 50 пайыздан астамы жыл сайын Қазақстаннан келеді», - деді ол.

Туристік фирма жетекшісінің айтуынша, биылғы маусымда көптеген пансионаттар қазақстандық туристердің келмеуінен орасан зор шығын көруде. Бұл өз кезегінде мембюджеттің кірісіне де, туризм саласына да кері әсерін тигізуде, деп есептейді Д. Казаков.

«Қазақстанға тиесілі пансионаттарды мемлекет меншігіне алу идеясы қазақстандық туристерді одан сайын шошытады. Бұл биылғы туристік маусымды қиындатуы мүмкін. Қазақстан да бұған жауап қадамдар қабылдауы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды», - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, уақытша үкімет төрағасының орынбасары Әзімбек Бекназаров аталған пансинаттарды мемлекет меншігіне қайтарылуын талап ететінін мәлімдеген. Оның айтуынша, осы шараны іске асыруға құқықтық негіз болатын декрет жобасы  дайындалып, ол жақын күндері уақытша үкімет отырысына ұсынылмақшы. «Мен өз мақсатымнан бас тартпаймын. Мен жобаны уақытша үкімет отырысына ұсынамын, ал УҮ мүшелері қалай дауыс беретіні сол кезде көрінеді», - деген Ә. Бекназаров.

0 пікір