Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3114 0 пікір 4 Шілде, 2016 сағат 08:31

Душанбе шенеуніктерді зекет есебін өткізуге міндеттеді

Тәжікстанда шенеуніктер мен кәсіпкерлерді мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай Айт мерекесінде үлестірілетін зекет есебін тапсыруға міндеттеді.

Тәжікстан президент әкімшілігінің тапсырмасы бойынша, Рамазан айында шенеуніктердің, имам-хатибтер мен кәсіпкерлердің зекет беруін бақылау жұмысы дін істері және салт-дәстүрлерді реттеу жөніндегі комитетке тапсырылды.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қызы, президент әкімшілігінің жетекшісі Озода Рахмонның қолы қойылған осындай қаулы 29 маусымда облыс, қала және аудан басшыларына, сондай-ақ мешіт имамдары мен кәсіпкерлерге таратылды. Қаулыға сәйкес, шенеуніктер, мешіт имамдары мен кәсіпкерлер отбасы мүшелерінің тізімін, ораза айында берілген зекет мөлшерін президент әкімшілігіне қоса жазып өткізуі тиіс.

Тәжікстанда биыл оразаның аяқталуына арналған Айт мерекесі 6 маусымда атап өтіледі. Елде 18 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер, төрт мыңнан аса имам-хатиб бар.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1468
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1329
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1080
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125