Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3233 0 пікір 8 Шілде, 2010 сағат 11:30

Шілде айының соңында Астанада «KazMeat&Milk 2010» халықаралық мал шаруашылығы форумы өтеді

Астана. 8 шілде. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Астанада 30-31 шілдеде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Еуропа елдерінің ет-сүт өнімдерін өндірушілерінің қатысуымен «KazMeat&Milk 2010» I халықаралық мал шаруашылығы форумы өтеді, деп мәлім етті ауыл шаруашылық вице-министрі Арман Евниев.

«Форумның мақсаты - мал шаруашылығы саласына инвестициялар тарту», - деді А.Евниев бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, форумның ашылуында БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (ФАО), Дүниежүзілік банктің өкілдері, ғалымдары, қазақстандық және шетелдік мамандар баяндама жасайды.

Форум шеңберінде ет және ет өнімдерін өндірушілердің съезі өтеді.

«Бұдан басқа, ауыл шаруашылығында еңбек ететін үздік мамандарға, үздік кәсіпорындарға номинация бойынша сыйлықтар мен медальдар тапсыру дәстүрінің негізі салынады», - деді вице-министр.  

Форуммен қатар, 31 шілде мен 1 тамыз аралығында елордада Қазақстан АӨК жетістіктерінің «Қараөткел 2010» IV жәрмеңкесі өтеді. 

«ҚазАгроМаркетинг» АҚ төрағасының орынбасары Нұрлан Мұхамеджановтың айтуынша, жәрмеңке «МЕТRО» сауда орталығының аумағында өтеді. «Біздің тауар өндірушілеріміз жәрмеңкеге тегін қатысады», -  деді ол. Жәрмеңкеге ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа, асыл тұқымды мал шығарылып, түрлі семинарлар өткізіледі. Оған 300-ге жуық компания қатысады деп жоспарланған.

0 пікір