Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3153 0 пікір 8 Шілде, 2010 сағат 11:27

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына арналған мемлекеттік кітап жарық көрді

Алматы. 8 шілде. ҚазТАГ - «Қазақстан - ЕҚЫҰ 2010» атты мемлекеттік кітап жарық көрді. Атауынан көрініп тұрғандай, ол республиканың осынау беделді халықаралық ұйымға төрағалығына арналған.

«Бұл - жарыққа шығып отырған Қазақстанның тоғызыншы мемлекеттік кітабы. Дәстүр бойынша ол Қазақстанның осы жылдағы маңызды оқиғасына арналған және оған еліміздің экономикалық, қоғамдық және мәдени өмірінің панорамасы енгізілген», - деп мәлім етті кітаптың бас редакторы Эльдар Агамалов.

Кітапта ел басшылығының осы беделді халықаралық форумға Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес сияқты мүшелікке өту туралы шешім қабылдауының тарихы баяндалып, жоғары құндылықтары мен стандарттары Қазақстан үшін саяси бағыттағы бағдар болған осы ұйымға қосылуды қолдайтын себептер мен деректер сарапталады. Кітапта еліміздің тәуелсіз саяси және экономикалық дамуының заңды жалғасы ретінде Қазақстанды ЕҚЫҰ төрағасы етіп сайлау тарихына, Қазақстанның осы қызметті атқарып отырған жарты жылдағы қадамдарына ерекше орын берілген.

Кітаптың басқа бөлімдерінде Қазақстанның өз аумағында ядролық қару ұстаудан бас тартуы және Семей сынақ алаңын жабу туралы шешімі, ядролық қарудан ада Орта Азия аймағын құрудағы нақты қадамдары суреттеледі.

«Caspian Publishing House» компаниясы ҚР сыртқы істер министрлігімен бірлесіп әзірлеген кітапта еліміздің инновациялық-экономикалық дамуының, мәдени және қоғамдық өмірінің келешегі суреттелген.

Үш тілде жоғары сапалы баспаханалық деңгейде басып шығарылған, суреттермен толықтырылған кітап барлық оқырмандарға арналған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 225
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 105
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 103
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 69