Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2965 0 пікір 7 Шілде, 2016 сағат 00:00

Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Еуропа қазақтарының кіші құрылтайын өткізеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Еуропа қазақтарының кіші құрылтайын ұйымдастыруда" деп жазылған хабарламада.

Кезекті Құрылтай Стамбул қаласында үстіміздегі жылдың 8-10 шілде аралығында өткізіліп жатыр.

Құрылтайдың мақсаты – Еуропа қазақтарымен байланыс орнату, шетелдердегі қазақтардың ана тілін меңгеруі мен мәдениетін сақтауы үшін әдістемелік, ұйымдастырушылық қолдау көрсету болып табылады.

Құрылтай жұмысына Қазақстаннан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашев, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Мелдешов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С. Абдрахманов, О.Асанғазықызы, Ә.Асқар және т.б. мәдениет қайраткерлері бар 20 делегат қатысып жатыр.

Сонымен қатар Еуропа елдерінен қазақ диаспорасы өкілдері шақырылды.

Құрылтай аясында салтанатты жиын, дөңгелек үстел, тіл сайысы, Зұқа батыр атындағы қазақ ұлттық ойындары сайысы және концерттік бағдарлама өткізілу жоспарланып отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2334
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653