Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 4094 0 пікір 11 Шілде, 2016 сағат 12:36

ҰЛТЫНА ТІЛ ТИГІЗГЕНДЕРДІ МАҚТАМАЙ-АҚ ҚОЙЫҢЫЗДАРШЫ!

Жақында бір ақын ағамыз дүние салды. Өмірде аралас-құраластығым болған жоқ, тіпті кездескен де адамым емес. Нағыз ақын деп те өтірік қылымси алмаймын. Өлеңді жан-жүрегімен жазбайды, тек сөздерді оңды-солды ұйқастырып құрастырғаны болмаса. Содан кейін оларда қайдан жан болсын, өңшең қан-сөлсіз өлі дүниелер... Аздап оқыған-тоқығаны бар еді... Сол үшін де сырттай сыйлап жүретінмін. Сол ағамыз бірде баспасөз бетінде қазақ тіліне қарсы шығып, орыс тілін қорғаштап бақты. Қыза-қыза келе тіпті қазақ тілін жақтаушыларды жерден алып, жерге салып, елімізде орыс тіліне үстемдік берілуін талап етті. Таң қалдым! Әрине, өзі қазақшадан гөрі орысшаға жақындау еді, қазақшасынан гөрі орысшасы тәуірлеу болатын. Содан ба екен деп ойладым. Бірақ, жан-жүрегі, болмысы қазақ болмаса да, ұлты қазақ қой, ана тіліне неге сонша тас атты екен деп ойладым! Шынымды айтсам, түкке де түсінбедім. Осыдан кейін-ақ ол ағамызға деген көңілім су сепкендей басылды. Тіпті маған ешқандай зияны тимесе де, жек көріп кеттім. Қыңырайып-қиқайып жүрдім. Сыртынан тілім тиген кездерім де болды... 

Кездессем айтармын-ау, себебін сұрармын-ау деп жүретінмін. Бірақ, оны Құдай жазбады. Дүниеден көшіпті. Алла алдынан жарылқасын! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннәтта болсын! Әрине, мен қайтыс болған адамның артынан ғайбат сөз айтудан аулақпын. Сүрінбейтін тұяқ жоқ, өмірден озғаннан кейін жамандауға хақымыз да жоқ, десе де, ескертейін дегенім, еліне, ұлтына, ана тіліне тіл тигізгендерді мақтамай-ақ қойыңыздаршы!..

Думан Рамазан

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1052
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 933
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 693
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 790