Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 5699 0 пікір 24 Ақпан, 2016 сағат 09:56

"НЕ МАСҚАРА?" ДЕГЕННЕН ЖҮКТІ ҚЫЗ ОҢАЛЫП КЕТПЕЙДІ

Не масқара? Сұмдық? деп жаңалықты бөліскеннен әр өңірдегі жүкті болған оқушы қыздар қайтадан қыз қалпына түспейді.

Біз салдарымен емес, себебімен күресу керекпіз. Не үшін жүкті болды? Оған не себеп? Міне алдымен осыны анықтау керек. Қыз алданып қалды ма? Ендеше қызға алданбау жолын үйрету керек. Алданбай, нәпсіқұмарлықпен болды ма? Некесіз төсек қатынасына барудың ауыр күнә екенін түсіндіру керек. Ата-анасы үйінде, ал ақсақалдар мектеп-мектепті аралап ақылдарын айту керек. Жауапты мекемелер қағаз, отчет үшін емес сол оқушылардың түсінігінің артуына бар күшін салу керек. Депутаттар да кездесу керек оқушылармен. Өнер адамдары мен спорт жұлдыздары да мектептерге барып, ақыл кеңес айту керек. Себебі оқушылар өнер жұлдыздарына еліктейді, кейде ата-анасының айтқанынан солардың айтқаны өтімдірек болады. Санын ашқан, емшегін көрсеткен әншілерді айтып тұрғаным жоқ, Саят, Мейрамбек, Сәкен, Досымжан, Бекжан Тұрыс, Балғынбек Имаш т.б өнердегі ағалар ақылын тыңдату керек. Жан-жақтан бар күшті салып оқушыларды бұл қасыреттен аман алып қалу шарт. Бұл адамдық борышымыз, бабалар аманаты. Оқушы қыздарға деген жанашырлығымыз рейтинг қуған сайттардағы ақпаратты бөлісумен шектеліп қалмасыншы...

Берік Сұлтан

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір