Жұма, 26 Сәуір 2024
Қоғам 7004 0 пікір 1 Наурыз, 2016 сағат 13:55

НАЗАРБАЕВ ӘРІПТЕСТЕРІНЕН КЕШІРІМ СҰРАДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде тұңғыш рет тойланып отырған «Алғыс айту» мерекесін қатысуда.

Қазақстанның  мерекелік күнтізбесінде бұрын-соңды болмаған мереке – алғыс айту күні туралы бастаманы әуелде Мемлекет басшысының өзі ұсынған-тын.

Ал бүгін, міне Президенттің пәрменімен күллі Қазақстан жұртшылығы жап-жаңа мерекені тойлауда.

Ел тарихындағы ерекше мерекеге қатысты ҚР Президенті түсініктеме берді. Қазіргідей алағай да бұлағай кезеңде Құдай берген ынтымағымызды сақтап, экономикамызды ілгерілету бүгінгі күннің басты мақсаты екенін айтып, осы жерді біздер үшін сақтап қалған батыр бабаларға тағзым жасап, алғыс айтауға міндетті екендігімізді тағы бір мәрте ескертті.

«Қазір көріп отырғанымыздай, әлемнің көптеген елдерінде соғыс, жанжалдар болып жатыр. Сондықтан қазір бір-бірімізге рақмет айтып, демеуіміз керек»,-деді Мемлекет басшысы.

«Дәл осы кезеңде бір-бірімізге демеу болып, жақсылығымызды айтуымыз керек. Егер қандай да бір өкпе-реніш болса, дәл осы күні барлық өкпені ұмытуымыз, бір-бірімізді кешіруіміз керек. Мен бүгін таңертеңгісін, өз әріптестерімнен кешірім сұрадым. Егер жұмыс барысында біреулеріңді ренжітіп, біреулеріңе ұрысқан болсам, кешіріңдер дедім»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бүгінгі мереке Қазақстанды мекен ететін түрлі этнос өкілдерінің арасындағы достық пен татулықты одан сайын нығайта түсетініне сенімді екенін айтты.

Бүгін Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXII сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті соғыстан кейінгі сұрлауыт жылдары елімізге депортацияланған түрлі этностар туралы да айтты.  

Abai.kz 

0 пікір