Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3594 0 пікір 9 Наурыз, 2016 сағат 12:38

ТӘТТІМБЕТТІҢ 200 ЖЫЛДЫҒЫ ТҮРКИЯДА АТАЛЫП ӨТЕДІ

Үстіміздегі жылдың 10-13 наурыз күндерінде қазақтың көрнекті сазгері Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдығына орай Анкара, Ескишехир, Амасия және Болу қалаларында бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі Тәттімбет атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрінің және Әзербайжанның, Қырғыз Республикасының, Түркияның белгілі өнерпаздарының қатысуымен «Қазақстан мен Түркия Достығы» атты концерттер өтеді. Оркестрдің көркем жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай. Екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынастың күшейюіне үлес қосатын айтулы мерекелі шараға Түркияның Ұлы Мәжіліс депутаттары, қала губернаторлары мен мэрлері, дипломатиялық мекемелердің өкілдері, түрік зиялылары мен өнерсүйер қауым қатысады. Шара ұйымдастырушылары: Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі және Қарағанды облысының әкімдігі.

Абай-ақпарат

0 пікір