Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3692 0 пікір 10 Наурыз, 2016 сағат 09:15

МИНИСТРЛІК МЕКТЕПТЕ ДІНИ КИІМ КИЮГЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ

Қазақстан білім және ғылым министрлігі орта мектеп оқушыларына арналған міндетті киім формасына қойылатын талаптарды бекітті, - деп жазады Азаттық радиосының сайты.

Үкіметтің ресми сайтында жарияланған құжатта талаптың "білім беруді зайырлы сипатта қылуға және орта білім беру орындарында оқитындар арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да айырым белгілерін жоюды көздейтіні" айтылған. Құжатта жаңа талапқа сай мектеп формасында қандай да бір конфессияға қатысты киім белгісі болмауы тиіс екені айтылған. 

Талап бойынша, мектеп формасының үлгісі классикалық стильде, үш түрлі түстен аспайтындай болуы керек. Мектеп формасы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты енгізіледі және ол күнделікті, салтанатты шараларда және дене шынықтыру пәні кезінде киетін деп үшке бөлінеді.

Мектеп формасына қойылатын талап жергілікті климат жағдайын, оқу орнындағы жағдай мен температураны ескере отырып орындалуы тиіс.

Бұған қоса мектепте оқушыға денесіне жарақат салатын киім киюге және заттар тағынып жүруіне тыйым салынады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1394
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1221
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 979
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1057