Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
46 - сөз 5261 0 пікір 16 Наурыз, 2016 сағат 10:30

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ АРАСЫНДАҒЫ САЛҚЫНДЫҚ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

Көптеген ерлі-зайыптылар үйленген соң көп ұзамай-ақ араларында сезім қалмағанын, бір-біріне ерім, әйелім деп емес, сол үйдің бір адамы сияқты қарайтынын айтып жатады.

Ондай салқындық қайдан пайда болады? Арадағы жылулықты сақтау екеуіне де байланысты. Десек те отбасындағы ыңғайлы атмосфера, түсіністік пен гармония, яғни жайлылық тікелей әйел затына қатысты. Сондықтан осы тақырыпта қыз-келіншектерге бірнеше кеңесімізді ұсынамыз:

1. Көп әйелдердің қателігі «ол мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп ойлап, «уайымға» салынады. Шын мәнінде олай емес. Тек жағдай өзгерді. Сіздер бұрынғы қыз бен жігіт емессіздер, сезімдеріңіз бен ақылдарыңыз ұштасқан ерлі-зайыптысыздар, ата-анасыздар.

2. Кейбір қыздар тұрмысқа шыққан соң «болды ғой қайда кетер дейсің» деп бұрынғыдай өзіне қарауды, сәнденіп, ері үшін әдеміленуді қояды. Орамалы қисайған, көйлегі мыж-мыж, шашы ұйпа-тұйпа әйелдің есік ашқанын жұмыстан шаршап келген қандай ер қалар дейсіз?

3. Сен маған былай қарадың, сен маған анау көйлекті алып бермей қойдың, осы уақытқа дейін қайда жүрсің деген сияқты болмашы нәрсеге ренжіскенді де қойған дұрыс.

4. Еріңізге қарсы сөз айтып абырой таппайсыз. Қандай жағдай болмасын үндемеңіз. Тіпті ол кінәлі болса да. Қит етсе жауап қатуға дайын тұратын әйелден ер адамның көңілі қалып, сезімдеріңізге сызат түсуі мүмкін.

5. Жалпы айтқанда, ер адам өзінің жанында үйді тап-тұйнақтай етіп ұстап, тамағын уақытылы әрі дәмді етіп дайындап, қонақ келсе шайын қойып жүгіре жөнелетін ақкөңіл, биязы, өзіне де, ері мен бала-шағасының жағдайын жасауға уақыт таба білетін, жұбайының қас-қабағына қарап сөйлейтін, қарапайым әйелді көргісі келеді.

Олжас Отар

Facebook-тегі парақшасынан

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1827
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1848
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1553
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1433