Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3166 0 пікір 24 Наурыз, 2016 сағат 08:56

САВЧЕНКОНЫ УКРАИНАҒА ҚАЙТАРУЫ МҮМКІН

Ресейдің Украинадағы елшісі Михаил Зурабов Киевтегі жабық кездесуде украин әскери қызметшісі Надежда Савченконың жақын күндері отанына қайтарылатыны туралы мәлімдеген.

Оның сөзінше, Мәскеу Савченконы Украинаға наурыздың басында қайтармақшы болған, алайда Киевтегі ресейлік елшілікке жасалған шабуылдан соң Кремль бұл шешімін кейінге қалдырған.

Ростов облысындағы Донецк қалалық соты Надежда Савченконы 2014 жылы Луганск түбінде қаза тапқан екі ресейлік журналистің өліміне кінәлі деп танып 22 жылға соттаған еді.

Украина президенті Петр Порошенко Савченко ісі бойынша сотты "сайқымазақ сотсымақ" ретінде атады. Ол Ресей президенті Владимир Путиннің бұған дейін сотталған украин қызын отанына қайтаруға уәде еткенін және Киев өз кезегінде "Украинаға қарсы әскери агрессияға қатысқаны үшін" ұсталған екі ресейлік әскери қызметшіні қайтаруға дайын екендері туралы мәлімдеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2035
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2470
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2050
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1593