Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3375 0 пікір 25 Наурыз, 2016 сағат 10:21

АТАМБАЕВ ТАШКЕНТТЕ ӨТЕТІН ШЫҰ САММИТІНЕ ҚАТЫСУДАН БАС ТАРТТЫ

Президент Алмазбек Атамбаев 23-24 маусымда Өзбекстан астанасында өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің басшыларының саммитіне қатыспайды.

Бұл туралы журналистерге қырғыз президентінің өзі мәлімдеді. Қырғыз билігі бұл қадамға Өзбекстан екі ел арасындағы шекараның даулы бөлігіне әскери техника мен әскерін апарған соң, күрт нашарлап кеткен қарым-қатынастан кейін баруға мәжбүр екенін жасырмайды.

Өзбекстан жағы екі сауытты көлік және 40 шақты әскерін шекара іргесіне апарған соң, Қырғызстанда тура сондай шамадағы техникасы мен адамын шоғырландырды. 21 наурызда екі жақтың да әскер саны 8 адамға дейін азайды.

Қырғыз СІМ Өзбекстанға екі рет қарсылық нотасын жолдады. Көрші елдің билігі алғашқы наразылыққа техниканы шекараға Наурыз мейрамын тойлауға байланысты апарғанын айтып жауап берді. Алайда мейрамнан кейін де техника шекарада тұр. Екінші нотаға қырғыз тарабы әлі жауап алмаған.

ШЫҰ-на Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Ауғанстан, Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістан бақылаушылар мәртебесіне ие.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1035
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 910
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 681
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 761