Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Деп жатыр 6857 0 пікір 6 Сәуір, 2016 сағат 12:09

БАЯН ЕСЕНТАЕВА ТӨРЕӘЛІНІҢ ӘДЕПСІЗ ҚЫЛЫҒЫН ЖҰРТҚА ЖАЙДЫ

Әнші Төреғали Төреәлі отандық бағдарламалардың бірінде “Ерке менің арқамда танылды” деп пікір білдірген-ді. Бұл сөзді әкесі де қоштап, концерттерден Ерке Есмаханды көре алмай наразылық танытқан жұртқа өктем сөйлеп, ақшаларын қайтарып беретіндігін айтқан. Мұны естіген Баян Мақсатқызы аты аталған әншімен бірігіп жасалып жатқан барлық жұмыстың тоқтатылуы мүмкін екенін мәлімдеді.


Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Төреғали Төреәлінің Қазалыда берген үлкен концертінде апалардың “Ерке қайда?” деген сұрағына әкесі “Сіздер Төреғалиге келіп отырсыздар ма, әлде Еркеге ме? Еркені көру үшін келіп отырсаңыздар, мың жарым теңгелеріңізді таратып беріп, концертті тоқтатамын. Ерке керемет болса, 7-8 жылдан бері қайда қалды? Жиырмадан енді асқан Төрештің арқасында танылды емес пе?” деп жауап қатқан екен. Мұны естіген Баян Мақсатқызы қатты ашуланып, әріптесінің жұртпен осылай сөйлесіп жүргеніне наразылық танытты. Тіпті, фильмдегі басты рөлдің енді Төреғали Төреәліге бұйырмайтынын айтып өтті.


Мұнымен қатар, “Әрине, мен өзімнің артисім үшін күресемін. Мен өзімнің атақ-абыройым үшін, осы күнге дейін аққан маңдай терім үшін күресемін”, – деп Баян Есентаева Ерке Есмаханның “Алло” әнінсіз-ақ жұртқа танымал әнші екенін тілге тиек етті.



  

Естеріңізге сала кетсек, Төреғали Төреәлінің Еркені сынаймын деп Баян Есентаевадан сөз естігені туралы хабарланған болатын.

Abai.kz

0 пікір