Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Мәйекті 6756 0 пікір 8 Сәуір, 2016 сағат 15:50

ШЕТЕЛДІК БАҚ ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ

Ресейлік «Независимая» басылымы - NG.RU: «Армения әріптестеріне наразы» атты мақалада Таулы Қарабақтағы жанжалдарға байланысты пост кеңестік альянс Арменияны қолдамағанын айтады. «Қазақстанның ресми позициясы ешкімді таң қалдырған жоқ. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзірбайжан-Армения арасындағы Таулы Қарабаққа қатысты ұстанымы Бакудің позициясын қолдайды».

DW.COM:   «Еуропа халқы КСРО-ның экс-елдері: визасыз әм виза режімі» - Белорусия Еуроодақпен арада визалы режім орнатуды көздейді. Ал КСРО-ның шеңгелінде болған басқа да Тәуелсіз мемлекеттерде жағдай қалай? Қазақстан да әзірге (уақытша) еуропалықтарға визалық режімді ұстанып отыр.


EASTTIME.RU:  «Қазақстан гранттарды ваучерлерге алмастырмақ» -   Қазақстанда білім гранттарын ваучерлерге алмастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Білім министрі Ерлан Сағадиев мырза мәлімдеді. Қазақстанның білім министрі елдегі ЖОО ректорларымен кездесу барысында осы мәселені  талқылаған.

RUSSIAN.PEOPLE.COM.CN:  «Соңғы 5 жылда Қазақстан сотты болған 291 шетел азаматын қайтарып берген» -  Қазақстан соңғы бес жылда түрлі жағдайда қылмыскер атанып, сотты болған 291 шетел азаматын өз елдеріне қайтарып берген. Соның нәтижесінде Мемлекет 375 миллион теңге пайда тапқан.Бұл сома жоғарыдағы шетел азаматтарының қамаудағы қажеттіліктеріне жұмсалған қаражат.  Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Йоган Меркель мәлімдеген. Ал Өзбекстан өзінің қылмыскер азаматтарын қабылдаудан бас тартқан. Қазіргі таңда Қазақстанда 643 Өзбекстан азаматы жазасын өтеуде.

BELTA.BY: «Қазақстан мен Белорусия Мемлекеттік жеке серіктестік аясында бірлескен жобаларды қарастырмақ» - бұл туралы Белорусия Экономика министрінің орынбасары Александр Зоборовский мәлімдеген.

«Еуразиялық алаңда біз Қазақстанмен бірлесіп жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Жобалар – инфрақұрылымдық бағыттарды қамтиды»,-дейді Александр Зоборовский.

TREND.AZ: «Қашағанда мұнай бұрғылау». Қазіргі мұнай нарығындағы төмен бағаға қарамастан Қашағанда мұнай бұрғылау жұмыстары кейінге шегерілмеуі мүмкін.  

«Қашаған - Қазақстанның батысындағы ең ірі мұнай-газ кені. Оның геологиялық қоры – 4,8 миллиард тонна мұнайды құрайды. Ал, жалпы мөлшерде 38 миллиард баррель мұнай қоры бар. Оның 10 миллиардқа жуығы қазір өндірілген».

STANRADAR.COM: «Гректер мен Римдіктер қазақтан тарайды» - Қазақстандық зерттеуші Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы гректер мен римдіктерді қазақтан тарайтынын дәлелдеді.  

THEOPENASIA.NET: «Қазақстан жетінші рото ерлігін еске алды» - 1995 жылы көктемде тәжік-ауған шекарасында қазақстандық жетінші рота моджахидттердің шабуылына тап болған.  Олар ОҚО, Шымкенттегі 6506 бөлімшесінің сарбаздары болған. Соғыс 5 сағатқа созылып, 17 сарбаз қаза тапқан.

Шетел баспасөзіне шолу жасаған

Айсұлу Тұрсынбаева

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1659