Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Қоғам 6627 0 пікір 10 Сәуір, 2016 сағат 21:58

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ - АТАТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ДОКТОРЫ

Қазақтың халық ақыны Олжас Сүлейменов Түркиядағы​ 80 жылдық мерейтойға орайластырылған іс-шараларға қатысты деп хабарлайды Түркияның TRT арнасында қызмет жасайтын қазақ редакциясы.

Қазақтың халық ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері​, мемлекет және қоғам қайраткері, «Мәдениет» қорының президенті Олжас Сүлейменов Түркияда​ өзінің 80 жылдық мерейтойына орайластырылған іс-шараларға қатысты.

Түркі әлеміне белгілі ақынға Түркияның Эрзурум қаласындағы Ататүрік университеті тарапынан Қазақстан мен Түркия арасында мәдениетаралық қарым-қатынастарды жетілдіріп, халықтар арасындағы достықтың күшеюі мен түркология саласына сіңірген айрықша еңбегі үшін «Құрметті докторы» атағы берілді.

Университетте ұйымдастырылған жиынға Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Эрзурум губернаторы Ахмет Алтыпармақ пен Түркияның қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Эрзурум қаласының артынан Анкарадағы іс-шараларға қатысқан Сүлейменовті Түркия премьер-министрінің бірінші орынбасары Тұғрыл Түркеш қабылдады.

Шамамен 45 минутқа созылған басқосуда қоғам қайраткері түркі халықтарының адамзат өркениетіне ​қосқан үлесі жайлы ой қозғап, «Невада-Семей» қозғалысының 25 жылдығына орай шығарылған, мерейтойлық төсбелгіні вице-премьерге табыс етті.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымында ақынның түркітілдес халықтардың тілдеріне аударылған өлең жинағы көпшілікке таныстырылды.

Қазақтың халық ақыны Анкарадағы іс-шаралар аясында Еуразия Жазушылар Одағы қауымдастығының да қонағы болды.

Қауымдастық төрағасы Якуб Өмероғлу қоғам қайреткеріне түркі әлемінің белгілі жазушыларын таныстырып, түркі әлемі әдебиеттері саласында атқарылған халықаралық жұмыстар жайлы баяндады.

Өмероғлу қауымдастықтың биыл 10 жылдығы екеніне назар аударып, «Кардеш Калемлер» журналының соңғы нөмірін Олжас Сүлейменовтың шығармашылығы мен таңдамалы өлеңдеріне арналғанын атап көрсетті.

Журналға ақынның өлеңдері мен сұхбаттары, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Қасейінов, Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Якуб Өмероғлу және тағы басқа түрік ғалымдарының мақалалары енді.

Олжас Сүлейменовқа ​Еуразия Жазушылар Одағы тарапынан мұның алдында жазушы Дженгиз Дағжы (Қырым), жазушы Шыңғыс Айтматов (Қырғызстан), жазушы Анар (Әзірбайжан) және ақын Шакир Селим (Қырым) сынды түркі әлемі әдебиетінің шоқ жұлдыздарына берілген «Құрметті мүше» атағы ​Қазақстан елшілігінде өткен рәсімде табыс етілді.

«Кардеш Калемлер» журналы бұдан бұрын қазақтың ақтаңгер ақыны Сүйінбай Аронұлына, ақын Қасым Аманжоловқа, жазушы Бердібек Соқпақбаевқа, жазушы Шерхан Мұртазаға бірнеше санын арнаған болатын дейді TRT арнасы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1659