Бейсенбі, 26 Қараша 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 128400. Жазылғандар — 114821. Қайтыс болғандар — 1990
Жаңалықтар 2437 0 пікір 28 Сәуір, 2016 сағат 10:04

Савченко Украинаға экстрадициялануға дайындалып жатыр

Новочеркасскідегі Надежда Савченко отырған тергеу изоляторының басшысы украиналық ұшқышқа экстрадициялауға қажетті құжаттарды толтыруға берген. Бұл жөнінде украиндық "Телевизионная служба новостей" арнасына сотталушының сіңлісі Вера Савченко мәлімдеген.

Адвокат Марк Фейгиннің айтуынша, Савченко жазасын Украинада өтеуге дайынмен деген құжатқа қол қойған. Алдын Украина президенті Петр Порошенко Савченко таяу арада отанына оралады деген толық сенімім бар деп мәлімдеген.

Надежда Савченко 2014 жылдың жазында Луганскіде екі орыс журналисін өлтірді деген айыппен Ресейде 22 жылға бас бостандығынан айырылған. 18 сәуірде Киев соты ресейлік Евгений Ерофеев пен Александр Александровты "Украинаға қарсы соғыс жүргізді" және "теракті ұйымдастырды" деген айыппен 14 жылға соттағаннан кейін ресей мен украин шенеуніктері сотталушыларды алмастыру жөнінде келіссөздер жүргізді.

Абай-ақпарат

0 пікір