Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2477 0 пікір 18 Маусым, 2010 сағат 11:51

Алматыда «Рустем» дәмханасында үш адамды атып кеткен деп күдіктелген азамат ұсталды

Алматы. 18 маусым. ҚазТАГ- Давид Ян. Алматыда «Рустем» дәмханасында екі адамды атып өлтіріп, үшіншісін ауыр жарақаттаған деп күдіктелген азамат жұма күні ұсталды. Оны ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі Оңтүстік өңір басқармасының мамандары мен қалалық ІІД қылмыстық полициясы ұстады.

«Екі адамды атып өлтіріп, үшіншісін ауыр жарақаттаған деген күдікпен мемлекетаралық іздеу жарияланған Алматы облысының Іле ауданының жұмыссыз 22 жасар азаматы ұсталды», - деп хабарлады ІІД мамандары. 

Ұсталғанға қатысты 96-шы бап 2-ші бөлімі (екі жәнен одан да көп адамды өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оны терегеу жұмыстары ҚР ІІМ қалалық ІІД тарапынан ерекше бақылауға алынған.

Сонымен қатар қылмыс орнында пайдаланылған қару әзірге табылған жоқ, дейді полицейлер.

Бұрын хабарланғандай, Алмалы ауданындағы Тлендиев көшесінде дәмханада орын алған қанды оқиға, 10 мамыр күні түн жарымында болған еді.

Арқасынан және басынан оқ тиген Алматы облысының Сарқанд ауданының 23 жасар азаматы оқиға орнында қаза тапты. Жеке көлікпен ауруханаға апара жатқанда бұрын алаяқтығы үшін сотталған 24 жасар Алматы облысы, Кербұлақ ауданының азаматы есіне келмей қаза болды. Сарапшылар оны бес рет оқ тесіп кеткенін анықтады. Аяғына оқ тиген үшінші азамат ауруханаға жеткізілді.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша оқиға орнында 7,62 мм-лік қарудан атылған оқтың саны кем дегенде 10 болған.

Бір болжам бойынша қарулы қақтығыстың себебі қарапайым жанжал болған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 457
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 242
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 267
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 262