Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6029 0 пікір 10 Мамыр, 2016 сағат 14:29

«Панамагейт»: ICIJ материалдарында Дариға Назарбаеваның аты-жөні бар

"Әлем бойынша ондаған саясаткер, шенеуніктер, өнер жұлдыздары мен спортшылардың құпия болып келген офшордағы активтері туралы панамалық Mossack Fonseca заң фирмасының әшкереленіп кеткен миллиондаған құжаттарында «Dariga N. Nazarbayeva» деген адамның аты-жөні бар. 9 мамырда «Панама құжаттарына» қатысты интернетте жарияланған жаңа деректе кездескен бұл адамның аты-жөні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваныкіне ұқсас", - деп жазады Азаттық радиосының сайты.

Бұл мәліметті жариялаған халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) дерегі бойынша, Dariga N. Nazarbayeva 2007 – 2012 жылдар аралығында британдық Виргин аралдарында тіркелген Asterry Holdings LTD офшорлық компания иелерінің бірі болған.

Журналистік зерттеуде Қазақстанға қатысты жарияланған ондаған адамның арасында миллионер бизнесмен Сержан Жұмашев, ENRC металлургиялық кәсіпорны иелерінің бірі Патох Шодиев, бизнесмен Марғұлан Сейсембаевтардың есімдері аталған. Сонымен бірге құжатта Erlan Sagadiev есімді адамның Уругвайда тіркелген Masterton Management LTD компаниясына иелік ететіні айтылған.

«Панамагейт» аясында көпшілікке танымал тұлғалардың офшорлық іс-әрекеттері жайлы алғашқы деректер сәуір айының басында жарияланған. Онда Дариға Назарбаеваның үлкен ұлы және Қазақстан президентінің жиені Нұрәлі Әлиевтің аты-жөні аталған еді. Ол биыл көктемге дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болып істеген.

9 мамырда интернетте жарияланған қосымша деректерде Нұрәлі Әлиевтің есімі тағы аталған. Зерттеу авторларының жазуынша, Nurali Aliyev Alba International Holdings LTD офшорлық компаниясының меншік иесі және Baltimore Alliance Inc компаниясы акцияларының иеленушісі болған. Бұл екі компания да британдық Виргин аралдарында тіркелген.

Кейбір елдерде «Панамагейт» құжаттары офшорлық іс-әрекеттерін әшкерелеген саясаткерлер қызметтен кетуге немесе жұртшылыққа құпия болып келген мәліметтерге қатысты түсініктеме беруге мәжбүр болған. Қазақстанда журналистер консорциумы жүргізген зерттеу ешқандай реакция тудырған жоқ. Бас прокуратура ICIJ материалдарындағы мәліметтерге қатысты Азаттықтың жазбаша сауалына берген жауабында әшкере болған деректерге қатысты тексеру жүргізбейтінін хабарлап, оны «бұл материалдардың шығу көздері туралы қандай да бір шынайы мәлімет жоқтығымен» түсіндірген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1835
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1858
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1561
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1439