Жұма, 10 Мамыр 2024
Талқы 7527 0 пікір 11 Мамыр, 2016 сағат 10:46

«ЖЕР КОДЕКСІ» ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ

«Азат» қозғалысы мақсат еткен елдегі орта таптың дамуы, Ұлттық ресурстың әділ бөлінуіне негізделген нарықтық экономика мен ұлттық құндылықтарға негізделген демократияның қалыптасуы қолға алынбай келеді. Біз, бұлардың орнын елді апаттық жағдайға душар етер сыбайлас жемқорлық  жүйенің, парақорлық пен масылдық сананың басқанын наразылықпен мәлімдейміз.

Бүгінгі Қазақстан билігін елдегі қалыптасқан құқықтық әділетсіздікті, әсіре теңсіздікті, қисынсыз сипаттағы бейұлттық және солқылдақ әлеуметтік саясатты тез арада жойып, мемлекеттік Ұлы мұраттар мен Ұлттық құндылықтарға басымдық беруге шақырамыз. Қажет болса, өзекті мәселеге тікелей араласуды азаматтық парызымыз санаймыз.

«Азат» қозғалысының ардагерлерінің мәлімдемесінен үзінді.

Астана.

12.06.2015.  

 

«АЗАТ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ

2016 жылғы сәуірдегі ҚР ЖЕР КОДЕКСІ ТУЫНДАТҚАН

ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ НАРАЗЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ

МӘЛІМДЕМЕСІ

«Азат» қозғалысының ардагерлер клубы (қысқаша – «Азат-арда» клубы) елде қалыптасқан Жерге қатысты дауға бейжай қарау мүмкін еместігін, мұндай қоғамдық қайшылықтың негізі мемлекеттің уақыт талабына сай дамуын керексінген халық талабынан туындағанын ескере отырып, мынаны атап өтеді:

  • мемлекеттегі мол ресурстың ел дамуына лайықты түрде жүзеге асырылмауынан, демократиялық принциптердің барынша тапталуынан, содан туындаған жемқорлық пен парақорлық жайлап, Ұлттық қор мөлшерінен 2 есе дерлік қаражаттың мемлекеттен тысқары жылыстап, экономиканың инвестициялық тапшылыққа ұшырап,  Қазақстан қоғамы экономикалық-әлеуметтік әлеует пен құқықтық әділеттің осалданған жағдайына тап келді;
  • бүгінгі қалыптасқан «Билік бұрынғыша билей алмайтын, халық бұрынғыша көне алмайтын» жағдайды қымтау мүмкін емес және ел дамуын тұйықтан шығаратын, ұшқары қоғамдық жарылысқа жеткізбейтіндей, қай тараптан да батыл да әділетті шешіммен әрекет етуге елдің саяси-экономикалық-әлеуметтік өміріне бірден бір лайық демократиялық бағыттың қажеттігі барынша айқындалды.

Өкініші сол, ҚР конституциясында белгіленген әлеуметтік, құқықтық, демократиялық ел құру идеясының өмірден ауытқуынан билік пен халық арасында өзара сенімсіздік қамалы орнады.  Сол себепті де туындаған наразылық Жер дауымен шектелмейді. Билік елдің экономикалық ресурсын халықпен санасып әрекет еткенде мұншалықты алшақтық орнамасын сезінуі тиіс.

Биылғы сәуір айында орын алған жалпыхалықтық наразылық елдің жаңаша даму дәуірінің қажеттігін көрсетті. Бұндай жағдайда қандай да бір текетірес саяси жарылыс пен қоғамдық апатқа соқтыруы әбден мүмкін. Тараптардың аңдысуы олардың бір біріне ақпараттық жауығу мен елді болжауға болмайтын кері кетуге итермелейді.

Қазақстанның ЖАҢАША ДАМУ КЕЗЕҢІНЕ аяқ басуында өзіне ғана тән жолы бар екенін барлық мүдделі тараптардың ескеруі маңызды.

«Азат-арда» клубы жоғарыда айтылғандарды атай отырып, елді түпкілікті саяси-экономикалық-әлеуметтік тығырықтан шығудың жолын қарастыруға мүдделі жақтардың барлығын тарихи жауапты тараптар ретінде серіктесе қимылдауға шақырады. Қандай да бір радикалдық сыңаржақ шешімдер мен екінші тарапты тықсыруға болмаса алдаусыратуға бағытталған шаралар ешкімге опа бермейді, ешбір тарап ұтпайды. Өткен жылдары жіберілген олқылықты енді тек қана келісу мен шынайы да әділ шешімдер қос тараптың бір біріне сенімін кіріктіреді.

 «Азат-арда» клубы қалыптасқан жағдайды реттеу жолында тараптарды мынадай ұсынымдарды жүзеге асыруға үндейді.

Билік тарабына:

  1. Жер дауының ушығуы елдегі демократиялық-құқықтық принциптердің аяқасты болғандығынан екендігін мойындай отырып, саяси реформаны қолға алып, мемлекетті билеу органдарын елді жаңа жағдайда билеу режиміне лайықтауды қолға алу;
  2. Жер дауына тікелей қатысы бар және сол деңгейдегі басқа да мәселелерді шешуде маңызды қоғамдық орган ретінде Парламент жанындағы Қоғамдық палатаны қалпына келтіріп, қайта жасақтау;
  3. Қазақстанның  демократиялық әділ қоғам орнатуының басты кепілі ретінде азаматтардың конституциялық еркі мен құқығын шектейтін заңнаманы қайта қарау;
  4. Жер кодексін түпкілікті жаңарту тұжырымдамасын жасау.

 

Қоғамдық тарапқа:

  1. Тәуелсіз сарапшылар алқасын құрып, Жер кодексіне саяси-экономикалық-әлеуметтік  сараптама жасау;
  2. Жер кодексін саяси-экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан ревизиялау мен оны түпкілікті жаңарту тұжырымдамасын жасауға атсалысу.
  3. Жер дауының шешімін елді демократияландыру істерінің аясында қарастыру;
  4. Елді демократияландырудың түрлі құрылымдарын жасақтауға, дамытуға белсенділік таныту, азаматтық қоғам орнатуға кірісу, соның ішінде елдің демократиялық күштерінің қауымдастығын құруға атсалысу.

 «Азат-арда» клубы тараптардың қазіргі  орын алып отырған дауы мен аңдысуын тыйып,  наразылықты көшеден демократиялық үдеріске ұластыру үшін қоғамдық-саяси алаңға көшіру арқылы Қазақстанның дамуына жаңа бетбұрыс жасауды жақтайды және билік пен қоғамдық тарапты соған үндейді.

10 мамыр 2016 жыл

 

«Азат-арда» клубы 2015 жылы 12 маусымда болған қазақ хандығының 550 жылдығы аясында болған Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысының 25 жылдығына арналған жиында негізі қаланды. Клубқа 18-ге толған Қазақстанның кез келген азаматы мүше бола алады. Клуб елдегі серпіліс тудыратын жайттарға баға беріп, өз көзқарасын білдіруге және Қазақстан тәуелсіздігін саяси-тарихи құндылық ретінде сақтауға бар үлесін қосуға бағытталған.

«Азат» қозғалысының ардагерлерінің мәлімдемесі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1859
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1894
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1593
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1461