Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Билік 6103 0 пікір 7 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

«МАҚТАУҒА ЖҮГІНУ –ЖАҒЫМПАЗДЫҚ ЕМЕС»

Мақаланы халықтың жан айқайымен бастасам. Көзіммен көрген,  құлағыммен естіген жаңа әкімнің кездесуіне келген қала тұрғындарының шешілмей жүрген мәселелері мені таң қалдырды? Несімен дейсіздер ғой? Бұған дейінгі қала  әкімдері  осы жұмыстардың бәрін істемей не істеп жүрген деген сұрақ мазалады? «Заңсыз сатылған жерлер, газ, ауыз су, жарық,  жол, үш ауысымды мектеп  осының бәрін бір күнде шешіп бер»- деген халықтың аяусыз көзқарастары адамның жүрегін ауыртпай қоймайды екен. Мен,  тек қалаға қосылған бір аудан жиналысына бардым. Төрт ауданға барсам бұдан да жаман дүниелерге жолығатыныма көзім жетіп тұр. Бірақ, ешкім көңіл аудармайтын тағы бір мәселе жайлы баяндап кетсем. Біздің қала тұрғындарының саны кейбір облыстарға қарағанда қайда көп, ал бөлінетін қаражат қайда аз. Мүмкін кейбір мәселелердің шешімі табылмай жатқаны осыдан болар.

«Әкімнің жұмысын бағалаушы халық.»

Жаңа әкім Ғабидолла Әбдірахымовтың билік тізгінін ұстағанына да  100 күн толды. Осы жүз күнде экс- әкімдерден қалған аманаттардың қайсысын орындай алды деген сұрақтың туындауы заңдылық. Алайда, бір күнде барлық мәселені шешу мүмкін емес. Бәрі де қаржыға келіп тіреледі. Кез келген басшы білек сыбана кіріскісі келгенмен қол байлаулар қандай іске болмасын кедергі келтіретіні шындық. Бірақ, тау қопарамын деп айналасында жатқан шиыршық тастарды реттеуге шамасы келмей қалатындарды да көзіміз көріп жүр. Шынымды айтсам, Шымкентке жаңа басшы тағайындалған кезде қала тұрғыны ретінде ол кісіні онша жақтыра қоймадым. Неге дейсіз ғой? Әкіміміз шетел көрген, нақтырағы сонау неміс елінде білім алып, қазақ, орыс, ағылшын, тіпті неміс тілдерінде судай сөйлейді екен дегенді естіген біз оның қазақшасына күмәндандық. Өйткені әкім көбіне орыс тілінде сөйлеп жүрді. Онысы үшін халықтың талай сынына да ұшырады. Бірақ кешегі кездесуде әкім таза жалпақ тілде қазақ тілінде сөйледі. «Адам үш күнде де тозаққа үйренеді» деген бар емес пе?  Шымкентке келгеніне көп уақыт өте қоймаған шаһар басшысының бірінші жетістігі деп осы мемелкеттік тілді еркін меңгеруін айтар едім. Біреулер айтып жүр ғой «тіл маңызды емес»- деп, алайда халықтың тілін түсінбеген әкім, халықтың мұңын түсінеді деп ойламаймын. Ал тілін үйренгісі келген адамға жүз күн де жететінін Ғабидолла мырза дәлеледеп берді.

   «Халқына жұмсақ, қызметкерлеріне қатал».

Жұмысқа кіріскен алғашқы күннен бастап  мұғалімдермен жиналыс жасаған әкім, көптің көкейінде жүрген мәселелені көтерді. Қарапайым мұғалімдерді қорғаған әкімнің «Прокурорлар мектептерді тексеруді тоқтатсын!» деген сөзі біраз қарапайым халықтан қолдау алды. Шынында, тексеруден көз ашпайтын оқу орындары арқаларынан жүк түскендей қуанды. Ал, шындығына келгенде бұл жерде өз ісінің былығын жабу үшін қалалық білім бөлім бастығы Мадиев мырза жаңа әкімге дұрыс ақпарат бермеген болып шықты. Жұмысы таза адам неге прокурорлардан қорқады?Қаражат жинап беріп жүрсе прокурорларға неге бас прокуратураға шықпайды? Әйтеуір жаңа әкімге өтірік ақпарат беріп, өз атын таза ұстап қалғысы келген Мадиев мырза өз былығын осылай жаба салды.  Жаңадан келген әкімімізде өзінің осал емес екендігін, ешкім      бұл кісіні алдай алмайтындғын мектептерде директорларды ешқандай «көке жәкесіз» өзінің бақылауымен өтетін конкурс арқылы тағайындалатын жүйе енгізіп қойды. Алдағы уақытта білім саласына қатты көңіл бөлетінін мектеп аралап жиналыс өткізіп дәлелдеп берді. Егер осы тәртіпке Мадиев шыдаса қалады, шыдамаса орнын босатуға тура келеді. Өйткені, алдағы уақытта мектепті әкім дамыған елдердің жүйесімен қадағалап отыратынын ашық айтты.  Осыған орай білім ұяларындағы қылмыстық оқиғалардың көбеюіне байланысты  ата ана мен ұстаздарды  тығыз байланыстыратын заманауи технологиялық үлгіде жаңа бағдарлама енгізу арқылы баланың сабаққа келу келмеуін қадағалайтын және күнделікті баланың білімін біліп отыратын «Мектептік электрондық бақылау»  мобильдік жүйені енгізуді қолға алуда. Біздің білуімізше, мұндай жүйе дамыған елдердің барлығында ақылы жұмыс жасайды екен. Ал Шымкентте бұл жүйе қазына қаржысы есебінен қолданысқа енбек.

Қала бюджетінен қаржыландырылатын құрылыс нысандарына бейне камералар орнатылды. Әсіресе мынау халыққа ең қажетті мектеп құрлыстарының баяу жүріп жатқанына байланысты нысандардың барысын, сапасын, қарқынын үнемі қадағалап, мерзімінде аяқталуына бақылау жасап отыр. Мысалы бір мектеп соғылып жатса, оның жұмысы қалай жүріп жатқанын тек әкім ғана емес, әкімдіктің кез-келген қызметкері, тіпті қала тұрғындары да әкімшіліктің веб сайты арқылы бақылай алады.

 

«Өркениетті дамыған елдердің қатарына кіреміз десек, алдымен инфрақұрылым мәселесін шешу керек!»

Шымкеттің үшінші мегаполис атануға ұмтылып жатқаны бәрімізді қуантады. Бірақ, өкініштісі сол, шаһарда «қала» деген атқа лайық емес теріс әрекеттердің орын алып жатыр. Соның бастысы қала тазалығы.

Жаңа әкім Шымкентті қоқыстан тазарту мақсатында жасырын камералар орнатып біраз тұрғындарға ескерту берілді. Яғни, аулаларға бейнебақылау орнатып, рұқсат етілмеген жерлерге  тасталған қоқыстарды тазалау шаралары жүргізілді. Қарызы белден асып тоқтап тұрған қалалық жылу беру стансиясын келіссөздер жүргізу арқылы оң шешімін тапты. Бір айта кетер жайт қаламыздың 80% жылу құбырлары ескірген. Жылда қыста жарылып жатады. Осыны қала әкімі  ескере отырып , қала басшылығының қарамағына алды. Не керек, біраз «тендербайлардың» да беті ашылды. Жолдарды қалай болса солай салып, қотыр- қотыр болып жатқан тротуарсыз көшелеріміз, қала әкімі тротуарлармен жүргенін күтіп тұр екен. Әкім жүріп өткен жерлер ертесіне тақадай салынып, бүтінделіп қалды. Халықтың жағдайын ойлаған әкім мырзамыз жер үсті өткеліне лифт қойып, мүмкіндігі шектеулі жандарға осындай қайрымды іс жасады.

  Әкімнің алдағы мақсаты қалаға қосылып отырған төрт ауданды , қала статусына сай болу үшін кәріз құбырын, жылу жүйесін жүргізіп, су тартып, жолын жөндеп, жарығын тартып тұрғындардың басты проблемаларын шешу болып отырғанын жиналыста айтып өтті.  Ал, осы жүз күнде  «Қайнар-бұлақ» саяжайы мен «Досық-2» елді мекендеріне магистральді су құбырлары тартылып, «Сәуле», «Ынтымақ-2» шағын аудандарына электр энергиясы қойылды. «Самал-3», «Қайтпас-1», «Солтүстік-Батыс шағын аудандарындағы 12 мың тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілді деп жаңалықтардан оқып түртіп алып отырдым. Өйткені, келген қос әкімдеріміздің жұмысын бүкіл Респулика көрсету біздің міндетіміз. Жұмыс істесе істеді, істемесе істемеді деп айту біздің парызымыз.

Қала өміріне енгізілген ең маңызды жоба.

Ғабидолла мырзаның атқарылып жатқан жұмыстарын халық талқылап үлгере алмай жатқанда, әкім мырза өзінің жаңа жобасын халыққа ұсынды.

«2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы» қаламыздың шешілмей жүрген басты мәселерін алдағы бес жылда жоспармен шешу және жаңа  қала құрылыс нысандарын салу жайлы болып табылады. Негізі мақсат –Шымкент қаласын тұрғындарға ыңғайлы және қонақтарға тартымды болатын, республикадағы заманауи мегополиске айналдыру.  Осыған орай қаламызға шет мемлкеттерден инвесторлар қызығушылық танытып, алдағы уақытта бірге жұмыс істейтінін айтып кетті. Халықтың ең басты мәселесі жолаушылар тасымалдау көлігі заманауи тұрғыда жаңарту әкімнің басты қолға алған ісі болып отыр. Қала меншігіне қарайтын алыс орналасқан  елді мекендерге  қоғамдық көліктің жетіспеушілігіне байланысты, қала әкімдігіне қарайтын комуналдық траспорттық парк ашылмақшы. Жаңартылған жолаушылар көлігінде  заман талабына сай «смарт карт» жүйесі енгізіледі. Бұл жаңа жобаны Оңтүстік Корея елі инвесторлары қолға алып отыр. Бюджеттік қаржыны үнемдеу үшін және қызметтік көлік бақылауын күшейту мақсатында GPS орнатылады деген жоспар бар.

Жалпы қаланың өркендеуіне әкімшілік емес қала тұрғындары да үлес қосу керек. Өркениетті дамыған елдердің  қатарына қосылу үшін осы жасалып жатқан жобаларды қолдау халық тарапынан да болу керек.

Қала әкімінің жемісті істерінің нәтижесін суреттермен сөйлетсем.

Қала әкімдігінің фойесінде «Reception» анықтама қызметі ашылды.

Бұрын әкімдікке келушілерді турникетпен күзет қызметкерлері қарсы алып, кезек күтіп, шу шығып жатса, ендігі жағдай мүлдем өзгерді. Мұндағы турникеттер ішке қарай қойылып, фойе ауқымы кеңейді. Келушілерге арналған жұмсақ жиһаз орындары қойылды. Әкімдікке келушілерді анықтама беріп, бағыт беретін Reception қыз күтіп алып, қажетті мемлекеттік қызметкермен байланыстырып, тиісті кеңестер беріп отырады.

Сонымен қатар, бизнесті дамытуға мүмкіндік берді. Бұрын қала әкімдігінің шешімін айлап күтсе, енді санаулы күнде-ақ орындалуда.

Қала әкімдігінің ресми сайты қайта жаңартылды.

Шымкент қаласы әкімдігініңwww.shymkent.gov.kzресми веб-сайты қажетті интерактивті карта, қала бойынша 3D-ТУР, көрсеткіштер, жеткен жетістіктер, болашақтың қаласы, қоғамдық көліктер кестесі, халықтық бақылау сияқты бірнеше бөлімдермен толықтырылды. Сайттағы «Егер мен әкім болсам» айдары арқылы әрбір тұрғын өзін қала әкімі ретінде сезініп, қаланың дамуы бойынша ұсыныстары мен ой-пікірлерін айтуына болады.

Ең бірінші Республика бойынша  қала тазалығы мен қоғамдық   тәртіпті қадағалау үшін «WhatsApp» арқылы бақылау қолға алынды. Бұған қоса, қоғамдық тәртіпті күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қалалық ішкі істер басқармасында да «WhatsApp» қызметі іске қосылды.

– Жаңа «Халыққа қызмет көрсету орталығын» ашты.

Қала әкімінің тікелей тапсырмасымен Абай ауданындағы «Қызылжар» елді-мекеніндегі тойхана ғимаратында, халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл 118 мың тұрғыны бар аудан үшін өте тиімді болды.  Енді аудан тұрғындары бір құжатты алу үшін қала орталығына қарай сабылмайды.

 Жастармыз «Салауатты» өмірді қолдау үшін атақты спортшыларымызды  шақырып  «Александр Винокуров атындағы спортты қолдау және дамыту» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қайрымдылық іс-шарасы өтті. Осыған орай қаламызда жастармыз үшін « Street Workout» пен айналысатын арнайы алаңды ашып берді.

Жастармыздың көбісі ақылы түрде жаттығу орындарына бара алмайтындықтарынан , осы бір жоба жастарға спорт пен шұғылдануларына таптырмас құрал болып табылды десем де болады.

   Қала келбетін заманауи стильге, базарлар мен  сауда қатарларын санитарлық сәйкестендіру қолға алынды.

Қаланың орталығында, қаланың көркін бұзып тұратын мал бордақылау мен сою бекеттерінің жұмысын тоқтатқанын ерекше айтып өтсем деймін. Қаланың қауіпсіздігін жақсарту  үшін «Қауіпсіз қала» атты профилақтикалық          іс-шаралары ұйымдастырылды. Енді қоғамдық орындарды   велосипедтегі полиция қызметкерлері қадағалайды. Алдағы уақытта қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін 100 потрульдік автокөліктер, 5 эвакуаторлар, 400-ге жақын бейнебақылау камераларын алатындығын айтып өтті.

Болашақ «Shymkent City»

Ұлы неміс канцлер Отто Фон Бисмарктың сөзімен аяқтағым келеді. «Қауқарсыз заңдар мен қарымды шенеуніктер арқылы елді басқару мүмкін болар-ау, алайда, қауқарсыз шенеуніктермен ешқандай заң да көмектесе алмайды.» Болмасаңда ұқсап бақ деген бар, дамығын елдің білімін алып келген әкімнен Бисмарктың жетістігін күтемін. Осы жүз күнде істеген жұмысыңыз аз емес, алдағы уақытта алға қойған жоспарларыңызды жүзеге асырып халқымды қуанта беріңіз. Қала тұрғыны, халық жанашыры ретінде сізге сәттілік тілеймін!

Айгүл Орынбек

 

0 пікір