Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Алашорда 8376 1 пікір 11 Желтоқсан, 2015 сағат 11:55

АРХАТ ТАУЫНАН ТАСҚА ҚАШАЛҒАН СУРЕТТЕР ТАБЫЛДЫ

Құрметті қауым, мен кеше ғана бір жақсы хабардың куәгері болып отырмын, түсінікті болу үшін басынан бастап баяндайын. Мен өз туған ауылым Архат ауылын мақтаныш етіп жүретін адаммын, оның басты себебі туған жерге деген сүйіспеншілік болар, сондықтан да өз парақшама туған жердің, атақты аңызға толы Архат тауларының тылсым тарихын, биік көкпен таласқан тауларын қойып отыратыным бар.

Сол себепті де болар ауылда қыстақта тұратын інім Роланға, сыныптас досым Саматқа да өтініш етіп сол таулардың бейнесін суретке түсіріп жіберіңдер деп, тіпті ініме фотоаппарат та беріп суреттерін жинаған едім. Енді күні кеше сыныптас досым Самат Оралбайұлының  әкелген суреттерін қарап отырып сонау бағзы заманда салынған тастағы таңбалар (петроглифтердің) арқарлардың бейнесіне тап болдым. Естуімше ол тастың көлемі сандықтай болады екен, ал тапқан адам мен мұны бір қажетке жарап қалар деген оймен үйінің жанына әкеліп қойса керек. Бұл дегеніміз тарихи жәдігер емес пе, сондықтан да ол қолды болып кетпей өз орнын өлкетану музейінен тауып халықтың мақтанышына айналса нұр үстіне нұр болар еді. Мына берілген суреттерге қарап отырсаңыздар көшпелі мәдениетіміздің осынау ғажап туындысына қарап отырып сол дәуірге сапар шеккендей сезімде боларыңыз анық. Кешегі сонау Күлтегін ескерткіштер мен Таңбалы тастағы ғажайып жәдігерлер де осынау таңбалармен тікелей қатысы бар болмасын кім біледі?.

Кешегі әлемді дүр сілкіндірген Шыңғысханда осы өлкеге ат басын тірегені баршамызға мәлім, сол заманның куәсіндей болып көз ұшынан Шыңғыс пен Орда таулары мұнартады, демек Архат тауының да сол тарихққа қосар қомақты үлесті жасырынып жатпасына кім кепіл. Егер  тағы да осындай ұлттық құндылықтар табылып, оның жасалу дәуірі мен тарихы дәлелденіп жатса туған өлкеміз Архаттың да абыройы асқақтап, перзенті ретінде біздің де үлкен мақтанышымызға айналары даусыз, сондықтан да үлкен археолог ағаларымыз осыған үлкен мән беріп зерттесе екен деген ой. Мүмкін кім біледі Арқат тауларының әлі де ашылмаған сан құпиялары да тарихтан сыр бүгіп жатқан болар, ал мына табылған таңбалар биылғы жылғы Қазақ хандығының 550- жылдығына деген өте үлкен сый екенін ешкім де жоққа шығара алмас. Ендеше сонау тылсым тарихымыздан сыр шертетін осынау тарихи ескерткіштің өзінің тиісті бағасын алып халқымыздың тарихына, көшпелі мәдениетіне қосар үлесі зор деп сенемін!

Құрметпен: Әмірбеков Ерлан Шаяхметұлы, Семей қаласы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1335
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1188
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 932
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1041