Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 3597 0 пікір 14 Желтоқсан, 2015 сағат 15:00

АЗДАП "НЕЛЕУ" МЕ?

Бір жас жігіт банкке келіп небары 100 мың теңге қарыз сұрайды. Банк кепілдік талап етеді. Жігіт "Лексус 570" көлігін қалдырады.

Банкирлер таңданып, оның қымбат көлігін гараждарына сенімді түрде сақтайды. Бір айдан соң әлгі жігіт 100 мың теңгесін және оның өсімі ретінде 5 мыңды қоса төлеп көлігін алады. Банк қызметкерлері аң-таң. Бір банкир шыдамай оны әңгімеге тартады:
- Болмашы ақшаға бола несіне осыншама қымбат зат қалдырдың? Тым біртүрлі екенсің. Шынында сені біз аздап "нелеу" ме ойлап қалдық – десе, ана жігіт күліп, былай дейтін көрінеді: 
- Мені жынды деп ойлаған шығарсыздар. Бірақ, кімнің жынды болып қалғанын енді анықтайық. Мен қыс ішінде аяқ астынан Шығыс Азия елдеріне бір айға жолдама алдым. Көлігімді жылы гараждарға қойып кетпек болып едім, қалада жалдаудың құнына аз дегенде 45-50 мыңдай теңге шығындайды екенмін. Оның өзінде сенім жоқ қой. Сосын, сіздің банкті таңдадым. Міне, 5-ақ мың теңгеге менің көлігімді сіздер бір ай бойы тиіспей сақтап, күзеттіңіздер. Көп рахмет!

Қуандық Шамахай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір