Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 3977 0 пікір 18 Желтоқсан, 2015 сағат 11:09

ҚТҚЖБ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ТАРТУ ЖАСАДЫ

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Петропавл қаласында ҚТҚЖБ салымшыларына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.  Бұл туралы abai.kz  порталы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Петропавл қаласында аумағы 90 және 55 пәтерді құрайтын қос бірдей тұрғын үй эксплуатацияға берілген болатын. Мемлекеттік «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үйлерге 145 солтүстік қазақстандық отбасы қоныстанды. Айта кетейік, жаңа пәтерлерге ие болғандардың жартысы Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары болған.

Кеше еліміздің басты мейрамы – Тәуелсіздік  күні мен және жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтауға облыс әкімі Ерік Сұлтанов келді.

- Біздің облысымызда мемлекеттік «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бір жүйеге қойылған. Жұмыспен қамтудың «Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша  тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ал мемлекеттің қамқорлығымен, ҚТҚЖБ бағдарламасы бойынша тұрғындарды баспанамен қамту бағдарламасы өзінің нәтижесін көрсетіп отыр. Сіздерді, шын жүректен құттықтаймын!-, деді Ерік Сұлтанов. 

Сонымен қатар, кеше қоныс тойын тойлаған тұрғындарды «Қазақстаның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басқарма төрағасының орынбасары Ербол Қарашүкеев те құттықтап, енді әрбір шаңырақтан сәбидің күлкісі таусылмауын, тек осындай қуанышты сәттерде ғана қауышуды тіледі.

Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа пәтерге қоныстанушылардың бірі Петропавл қаласының тұрғыны Алла Сәдуақасова.

«Бізге жаңа пәтеріміз қатты ұнайды. Ол үлкен және жап-жарық. Әсіресе, ас үйде көп уақытымды өткізетін болғандықтан,  жаңа пәтеріміздің ас үйіне бірден көз салдым. Аумағы үлкен. Кез келген әйел үшін осыдан артық не керек!»,-дейді Алла Сәдуақасова.

Айта кетейік, жаңа пәтерге қоныстанушылар мемлекеттік «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша және Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «барлық санаттағыларға баспана» бағдарламасы бойынша банк салымшылары болған азаматтар.

Жалпы 2012 жылдан бері қарай өңірде аталмыш бағдарлама бойынша 16 тұрғын үй салынып, жаңа пәтерлерге  903 отбасы қоныстанған.

Құрылыс компаниясының директоры Хайдар Атажановтың айтуынша, құрылысы аяқталған жаңа пәтерлерге электр үнемдегіш құрылғылар мен жылы еден жүйесі енгізілген.

- Бәрі жоғарғы деңгейде салынды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында бізге де жұмыс табылып, тұрғындарға сапалы баспана салудамыз,-дейді Хайдар Атажанов.

Abai.kz 

 

0 пікір