Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Қоғам 5009 0 пікір 22 Желтоқсан, 2015 сағат 11:42

ЕУООРДАҚ РЕСЕЙМЕН КЕРІСІП, ҚАЗАҚСТАНМЕН КЕЛІСІП ЖАТЫР

Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың мерзімін ұзартты 

Еуропа Одағы 2014 жылы шілденің 31-де Ресейге қарсы енгізілген санкцияларды жарты жылға тағы да ұзартты. Бұл шара Ресейдің Қырымды басып алғанына және Украинаның шығысында үкіметке қарсы күресіп жатқан жікшілдерді қолдауына қарсы бағытталған болатын. Санкция 2016 жылғы шілденің 31-не дейін күшін сақтайды.

Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыс салдарынан тоғыз мыңнан астам адам қаза тапты. Еуроодақ санкция мерзімінің ұзартылуын Минскіде қол қойылған бейбіт келісімдердің жыл аяғына дейін жүзеге аспайтынымен түсіндіреді. Шараны ұзарту туралы алғашқыда, желтоқсанның 18-де, ЕО елдерінің елшілері шешім қабылдаған болатын. Санкциялар Ресей экономикасының қаржы, энергетика және қорғаныс салаларымен бірге, бірқатар жеке тұлғаға қарсы салынды.

Еуроодақ пен Қазақстан әріптестік туралы келісімге қол қойды

Әріптестік туралы жаңа құжатқа Астанада Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысов пен ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі өкілі Федерика Могерини қол қойды.

 "Келісім 29 сала бойынша өзара әрекет етуді қамтиды. Келісімнің ішінде халықаралық, аймақтық қауіпсіздік, қарусыздану секілді саяси мәселелерден бастап, сауда, инвестициялар, инфрақұрылымды дамыту, сауда-эномикалық және инновациялар, мәдениет, спорт, туризм салалары мен құқық қорғау бойынша ынтымақтастық мәселелер бар", - деді Ерлан Ыдрысов.

Қазақстан тарабының дерегінше, Еуроодақпен арадағы сауда көлемі 2014 жылдың 11 айында 50 миллиард долларға жеткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2384
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661