Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5818 0 пікір 25 Желтоқсан, 2015 сағат 15:25

СОТ ТӨРЕЛЕГІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА ТҰЖЫРЫМЫ

Бүгін әлеуметтік желілерде Жоғарғы Соттың қазақстандық сот жүйесінің дамуы мен сот төрелігінің сапасын көтерудің жаңа тәсілдері жайлы бейнебаян пайда болды.

Соңғы жылдары қазақстандық сот жүйесі белгілі даму үлгісін көрсетеді. Эксперттер (оның ішінде шетелдік) қылмыстық заңнаманың ізгілендіруі, сот процесстерінің аудио мен видеофиксациясының енгізілуі, бітістіру рәсімдерінің кеңейтілуі, ақпараттық технологияларды сотқа енгізу, тергеу сот институтының пайда болуы мен басқа да жаңа енгізілемдерді белгілейді. Олар Қазақстанның түрлі елдердің сот төрелігін бағалайтын халықаралық рейтингтерде (индекстерде) өсуінде көрінді.

Алайда қазақстандық сот жүйесіне қойылатын әрі шешілуін талап ететін сұрақтар әлі де көп. Ұсынылған бейнебаянда жергілікті тұрғынға түсінікті тілде Жоғарғы Соттың алдағы уақытта сот төрелігінің сапасын қалай көтеретіні түсіндіріледі.

Бейнебаянға сілтеме:  https://www.youtube.com/watch?v=933v7raJCqw

Сонымен қатар, өткен аптада әлеуметтік желілерде «Астана» Қаржылық Орталығының тұжырымдамалық көрінісі жайлы Жоғарғы Соттың бейнебаяны талқыланды. Еске сала кетейік, 20 мамыр күні «Ұлт жоспарының» 100 нақты қадамы жарияланды, және осы Орталыққа 4 қадам арналған: 24-ші, 70-ші, 71-ші және 72-ші. Қазақстандық эксперттік қауымдастықта осы күнге дейін Қаржылық Орталықтың қандай болғаны жөн екені жайлы дау бітпейді.

Қазақстандық сот төреліктің дамуы жайлы бейнебаян тәрізді осы бейнебаян да азаматтарға қолжетімді түрде ұсынылған.

Бейнебаянға сілтеме:  https://www.youtube.com/watch?v=hgkgw6o3tlQ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар