Жексенбі, 14 Тамыз 2022
Қоғам 4969 0 пікір 28 Желтоқсан, 2015 сағат 17:19

ЖАҚСЫБЕКОВ ЖАУЫЗ БА, ӘЛДЕ МЕЙРАМОВ АЛАЯҚ ПА?

Жуырда Астана қаласының қақ ортасында орналасқан жекеменшік үйдің қожайыны Әділбек Мейрамов пен оның отбасын астаналық сот орындаушылары үйді босату үшін күш қолданған. Бұл туралы «Азаттық радиосы» хабарлайды.

Азаттық таратқан ақпараттарға сүйенсек, Астана қаласы әкімдігі «қаланы дамыту» бағдарламасы бойынша Әділбек Мейрамовтың жеке меншігіндегі баспананы бұзу туралы шешім шығарған. Дәлірек айтқанда, Астана қаласындағы Иманов көшесін кеңейту үшін осы көшедегі жеке меншік үйді қирату керек екен.


Ал Әділбектің айтуынша, сот белгілеп берген үйдің өтемақысы бар болғаны 2 миллион 600 мың теңге ғана. Ондай ақшаға, қазір баспана ала алмайсың және қалалық әкімдіктен аударылды деген қаражат баспана иелерінің қолына тимеген.

«Осы жеке меншік үйдің қожайыны ретінде менің барлық талаптарым мен құқығым ескерілмей отыр. Заң бойынша, бұл үйдің 70 пайыздық үлесі маған тиесілі. Алайда, менің баспанамның өтемақысы белгісіз біреулердің, ЖСШ, қалалық әкімшілік және менің туыстарым арқылы келісілген түрде өзге біреулердің шотына аударылған. Мен бұнымен келіспеймін. 28-күні осы іске қатысты сот отырысы болады. Мен осы сотқа дейін басқыншылықты тоқтатуды талап етемін»,-дейді үй қожайыны.

Дегенмен, астаналық сот орындаушылар Әділбек Мейрамовтың айтқан уәжіне құлақ аспаған. Тіпті, күш қолдану арқылы Әділбек Мейрамовты жерге құлатып, үйге басып кірген.

Бірақ, сот орындаушылар қоршаудан ары өткенімен,  үйге кіре алмаған. Үйдің ішінде Әділбектің әйелі кәмелет жасқа толмаған үш баласымен бірге есікті бекітіп алған. Қалалық сот орындаушылар басқыншылықты тоқтатпаса өзіне-өзі қол жұмсауға дайын екенін айтып, зар жылыған ананың айтары, «қалалық әкімшілік бұл бассыздықты тоқтатсын».

Қала әкімі Жақсыбеков мырзадан жәрдем сұрап, зар еңіреген ананың ендігі арманы ең құрығанда жаңа жылды өз баспаналарында қарсы алу.

«Мейірімді адамдар, құтқарыңдар!», «көмектесіңдерші!», «қашанға дейін осылай жүруіміз керек!». Бұл Жақсыбеков мырзаның өкімімен, қаңтардың қақаған аязында баспанасынан айырылған ананың дауыстап айтқан запыран түкірік зары еді.


Қолына пышақ алып, өзіне-өзі қол жұмсамақ болған әйелді, көшеден өтіп бара жатқан адамдар тоқтатқан.

Ал астаналық сот орындаушы Ердәулет Болысбековтың айтуынша, Мейрамов Әділбек сот орындаушылардың ескерту қағазын алған. Алайда, сот шешімін алғанымен, үй иесінен ешқандай жауап болмаған. Тіпті, қиратуға берілген үйдің өтемақысы ретінде аударылатын сома үшін Мейрамов Астана қалалық сотына жеке есеп шотының номерін де тапсырған.

«Біздің міндетіміз. Сот шешімі шыққаннан кейін 2 айдың ішінде ол орындалуы тиіс. Ал Мейрамов қазір жасырынып жүр. Ол өтемақыны алған. Құжаттарда көрсетілгендей, Мейрамовтың жеке есеп шотына сот шешімімен белгіленген сома аударылған»,-дейді.

Түйін: Мәселенің анық-қанығы белгілі болмай жатып, астаналық сот орындаушылардың басқыншылық әрекетке барғаны әлеуметтік желі қолданушылары мен қоғамдық ортаның ауыр сынына ұшырағанымен, қалғанымен, Әділбек Жақсыбеков командасының қаһары қайтпаған. Қаңтардың қақаған аязында үш бірдей мектеп жасындағы бала мен Мейрамовтар отбасы қайда барады? Зар жылап, запыран жұтып, Жақсыбеков мырзадан жәрдем сұраған ананың зарына әкім мырза не деп жауап береді? Мейрамовтарға тиесілі қаражат орта жолда қолды болған деген тұжырымға келсек, әкім аппаратындағылар мұндай сомаға салғырт қарағаны қалай? Жақсыбеков мырзаның жаны ашитын болса оны көре жатармыз. Ал  қыстың көзі қырауда қайдағы жол жөндеу жұмыстары ол? Таразы...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

Мақаланың түпнұсқасы: http://rus.azattyq.org/media/video/snos-doma-v-centre-astany-adilbek-meiramov/27449270.html

0 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Алаш-арман

Бейбіт Қойшыбаев  2262
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм және Ұлы қолбасшылар

Бейсенғазы Ұлықбек 2051
Әдебиет

Түс

Ерғали Бақаш 1734
Әне, көрдің бе?

Архимед кімді қорғаштайды?

Жайберген Болатов 2788