Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3835 1 пікір 4 Қаңтар, 2016 сағат 10:40

РЕСЕЙДЕ ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ ТУЫСТАРЫНА БИЗНЕСПЕН АЙНАЛЫСУҒА ТЫЙЫМ САЛУДЫ ҰСЫНДЫ

РФ Мемлекеттік думасының конституциялық комитеті төрағасының орынбасары Вадим Соловьев жоғары лауазымыды шенеуніктердің, министрлердің, губернаторлар және аймақтық парламент басшыларының әйелдері мен балаларына бизнеспен айналысуларына тыйым салатын заң жобасын әзірлеуде.

РИА Новости агенттігіне берген сұхатында Соловьев: "Біз бас прокурордың балаларының бизнесіне байланысты жайттарды сараптадық және оған дейінгі бірқатар губернатордың әйелдері мен балаларының бизнеспен белсенді шұғылданғанынан туған оқиғаларды електен өткіздік. Біз мемлекеттік қызмет туралы заңға екі түзету енгізу қажет деген қорытындыға келдік", - деді.

Соловьевтің сөзінше, бірінші түзету президенттің өзі немесе оның ұсынысы бойынша өзге билік органдары тағайындайтын жоғары лауазымды тұлғалардың әйелдері мен балаларына бизнеспен шұғылдануларына тыйым салуды көздейді. Сонымен бірге жалған ажырасу жолымен бұл талаптарды бұзбақ болғандарға шамамен бір миллион рубль айыппұл төлетіп және жұмыстан босату қарастырылған.

Abai.kz 

 

 

1 пікір