Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4357 0 пікір 4 Қаңтар, 2016 сағат 10:44

"ЖАҢА ӘЛЕМ ХАКЕРЛЕРІ " ИНТЕРНЕТТЕГІ ЖІКШІЛДІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАРИЯЛАДЫ

Сегіз еркек пен төрт әйел хакерлік мүмкіндіктерін желтоқсанның 31-де британдық Би-би-си медиа корпорациясының сайттарын «бұзу» арқылы сынап көрген.

Хакерлік шабуылды New World Hacking ("Жаңа әлем хакерлері") хакерлер тобы мойнына алған.

Би-би-сидің хабарлауынша, топ көптеген елде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» ұйымына қатысты интернеттегі белсенділікті бақылаумен айналысады. Хакерлер желіні жікшілдермен ымыралас болуы мүмкін сайттардан тазартуды көздейді-міс. Хакерлер өкілінің айтуынша, 12 адамнан тұратын топ 2012 жылдан бері әрекет етуде.

 Би-би-си  баспасөз қызметі компания сайттарының жұмысындағы ақауға хакерлердің және өзге де біреулердің қатысы барлығы туралы мәлімдемелерге түсініктеме бермейтінін жеткізді. Жаңа жылдың алдында қолданушылар бірнеше сағатқа Би-би-си сайттары мен iPlayer қызметіне кіре алмай қалған болатын.

Abai.kz 

 

 

0 пікір