Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Қоғам 5020 0 пікір 4 Қаңтар, 2016 сағат 14:03

СЕНІМНЕН ШЫҚҚАН ҮКІМЕТ ЕРТЕГІСІНЕ ТАҒЫ СЕНУГЕ МӘЖБҮРМІЗ

Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, 2016 жыл экономикалық дағдарыстың дендеп, қаржылық қысылтаяң кезең жалғасын табатын, алағай да, бұлағай жыл болмақ. Әрине, ұлттық валюта бағамының құнсыздануы мен Қазақстанның негізгі экспорты – мұнай, металл және газ секторындағы бағам жаһандық экономикалық процесстер мен Ресей рублінің АҚШ долларына шаққандағы бағамға тікелей байланысты екені рас. Сонымен 2016 жылы Қазақстанды қандай экономикалық өзгерістер күтіп тұр? Бұл туралы zakon.kz порталы былайша бажайлапты.

Қара алтын нарығындағы қарғыс

Қарапайым қазақстандықтардың он-лайн режімде, әлемдік нарықтағы мұнай бағасын бақылап отырмайтыны түсінікті. Дегенмен,  АҚШ долларына шаққандағы теңге бағамына алаңдайтынын көріп жүрміз. Десек те, Standard & Poor's зерттеулерінің нәтижесі бойынша, Қазақстанның негізгі экспортының  60%-ы мұнай секторына тиесілі екен. Сонымен қатар, мұнай нарығындағы флуктуация қазіргі теңге бағамын реттеуде маңызды рөлге ие. Осыған дейіңн Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышеев айтқандай, мұнай нарығындағы жағдай теңге бағамына әсер етуші бірден-бір фактор деп қарастыру қате пікір. Себебі, еліміздің экономикасы – тек мұнайға ғана тәуелді емес. Сонымен қатар, бас банкир мырза валюта бағамын реттеу процессіне Brent маркалы мұнайдың  әлемдік нарықтағы бағасы әсер ететін, енгізгі индикатор болып табылады.

Осының алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы, Үкімет пен Ұлттық банк басшыларына алдағы уақыттарда анти-дағдарыстық жоспарлар әзірлеуде, мұнай бағасының баррельіне 20 доллардан төмен болған жағдайда қолданатын шараларды дайындауды тапсырғанын айтқан.

Осыдан кейін, Ұлттық банк жоспарлы түрде жүргізген теңгенің құнсыздануын процессін шегеріп, валюта бағамын тұрақтандыруға кіріскен. Алайда, бас банкирдің пікірінше, бағамды төмендету импорттың күрт қымбаттауына әкеліп соқтырады. Бұл өз кезегінде ұлттық экономиканы күрделі инфляцияға ұшыратады. Сондықтан, Ақышеев мырза 2016 жылы да еркін валюта дәлізін сақтап, жыл аяғына дейін бағамды  6-8%-ға дейін көтеретінін айтқан. Түсінгеніміз, бас банкирдің биылғы жылғы жұмысы инфляция көрсеткіштерін реттеу және еркін валюта дәлізін сақтап қалу болады.

Саяси аумалы-төкпелі кезең

Мәсімов тізгінін ұстап отырған гереатократиялық үкімет пен Ақышеев ақылына тәуелді Ұлттық банк үшін биылғы жыл елде жұмыссыздар санын арттырмау, теңге бағамын күрт өсірмеу мен әлеуметтік қысымға жол бермеу үшін жан салатын жыл болмақ. 2016 жыл ішкі саясат үшін де одағай оқиғаларға толы болатыны сөзсіз. Біріншіден, еліміздің егеменддігіне 25 жыл толады. Ширек ғасырды шетке ысырғанда,  кешегі һәм бүгінгі Үкімет ны тындырды? Есеп беретін жыл. Екіншіден, қалшылдаған қариялардан құралған пәрменсіз парламентте тағы да сайлау болады. Әрине, әдеттегідей формальді сайлау. Сарапшылардың пікірінше, биыл парламент тағы екі партиямен толығады. «Ауыл» мен «Бірліктің» бағы жанып жатса, қазіргі парламенттегі «Ақ жол» мен «ҚКП» секілді, сегіз адамдық мүшемен, «Нұр Отан» көлеңкесінен сая табылып қалуы әбден ықтимал деген сыбыстар жоқ емес.

Өткен жылдың 30-қарашасы күні халыққа жолдау жолдаған Елбасы, экономикалық тәуекелдерге қарамастан, халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыратынын жеткізді.  Мысалы, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, еліміздегі денсаулық сақтау саласы мамандарының жалақысы - 28%-ға, білім беру саласы мамандарының орташа жалақысы - 29%-ға дейін, әлеуметтік қолдау саласы үшін - 40%-дық,  жалақы өсімі болады. Сондай-ақ, мүмкіншілігі шектеулі жандарға, асыраушысынан айрылған отбасылар мен судеттерге көрсетілетін әлеуметтік жәрдемақы – 25 пайызға көтеріледі.  1- қаңтардан бастап, зейнетақы 2%-ға артса, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақылары - 30%-ға дейін көтеріледі.

Тағы да реформа

Биылғы жылы зейнетақы жүйесінде тағы да реформалар қабылданады. ҚазіКүні бүгінге дейін, еліміздегі негізгі зейнатақы активтері ҚР Ұлттық банк қарамағындағы «ЕНПФ» АҚ қорында сақталып келсе, енді Елбасы тапсырмасы бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары жеке-меншік, шетеолдік компанияларға тапсырылатын болады. Сонымен, енді сіз бен біздің зейнетақы жинақтарымыз шетелдік компанияларға тапсырылады. Бұндай реформаның тиімділігіне және хинақтардың сақталуына кепілдік  - Елбасының сөзі. Ол кісі: «Біз мемлекеттік деңгейде жеке меншік компанияларды тексеріп отырамыз. Кепілдік болады», деген болатын. Бұның да артынды жалқы сұрақ бар.

Сандар сөйлейді

2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап Үкімет мыналарды уәде етеді.

  1. Қазақстандағы ең төмен жалақы – 22 859 теңге болмақ,
  2. Мемлекеттік тарифтер бойынша, зейнетақы аударымының базалық бағамы – 11 965 теңге,
  3. Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 25 824 теңге,
  4. ҚР заңнамаларына сәйкес, айыппұл санкциялары үшін, салық және әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақалар үшін айлық есептік көрсеткіш құны – 2 121 теңге болмақ,
  5.  Қазақстандықтардың ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден өзге күн көрісіне қажетті сома – 22 859 теңге болмақ.

Түйін:  Қой терісін жамылған қасқыр жылын ауыр өткеріп, мешін жылына аяқ бастық. Ауырдан аунап түстік дегенімізбен, мешін жылы да мемлекетіміз үшін маңдыған жыл болмайтыны сөсіз. Қазақ халқының тарихында Мешін жылы сәтті болды деп айта алмаймыз. Мысалы, 1920 жылдары елімізде алғаш ашаршылық орын алып, 20 млн халық зардап шекті. 1932 жылғы әлемдік дағдарыс та Мешін жылымен тұспа-тұс келді. Осы жылы қазақ халқы ашаршылыққа ұшырап, 6,2 млн респуб­лика халқының 2,1 млн-ы қырылды. 2004 жылғы Афина Олимпиадасы отандастарымыздың тарихтағы ең сәтсіз бәсекесі десек болады. Жарыстың қорытындысы бойынша еліміз тек бір ғана алтын иеленген еді. Одан бөлек «Эйр Астана» компаниясы банкротқа ұшыраған болатын. Енді ше...

2016 – жылы елімізде қандай өзгерістер орын алуы ықтимал деген солақай сауал қойдық. Рас, қазір қазақстандықтар өгей өкімет пен оның көлеңкесіндегі биліктен еш нәрсе күтпейді. Дәлірек айтсақ, сенбейді. Мәсімов, Ақышеев, Досаев т.с.с. жалғаса беретін кіл данышпандар мен реформаторлардың протоколдарына пысқырып қарайтын қараша жоқ. Халық та бұрынғыдай әлеуметтік белсенді емес екенін көзіміз көріп жүр. Әркім өз ботқасын өзі қайтанып, өкіметінің өзегін талдырған емес. Сенімнен шыққан өкіметке сенетін кім сонда?  Биліктің ел сенімінен шығуы – оның карьерасының құрдымға кеткен емес пе? Қазаққа мықты «ақсақал биліктің» Мәсімовке мысы батпағаны ма? Жоғарыда біз келтірген ресми деректерге сүйенсек, мешін жылы дамбалымыздан дәсмәл жасайтын түріміз бар. Біз кірістік. 2016 жылдан жақсы хабар күтеміз... Күтіп келеміз...Күте береміз...  

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір