Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
46 - сөз 4728 0 пікір 4 Қаңтар, 2016 сағат 19:20

ҮЙІМІЗДІ "АРАБТЫҢ" ШАТЫРЫММЕН ЖАПТЫҚ

Қазақстанды үлкен "коттедж" деп қарайтын болсақ құрылысы бітпеген қаңырап тұрған "сақалды құрылысқа" ұқсатар едім. Үйдің қабырғасын халық, іргетасын тіл, шатырын дін деп есептесек онда жағдайымыз мәз емес.

Төбеміз шұрқ тесік, іргетасымыз мықтап қаланбаған. Мысалы сізге өте қомақты ақша беріп және 25 жыл уақыт берсе сіз қандай баспана тұрғызар едіңіз. Егер сіз санасыз, отбасыңызды ойламайтын болашақ ұрпақты қаперіне алмайтын болсаңыз онда қолыңыздағы ақшаны оңды-солды шашып жын-ойнаққа жұмсар едіңіз. Ақшаңыз біткен соң көршілерге қарызға белшеден батасыз, сосын отбасыңызды осыған да шүкір айтыңдар бізде бәрі керемет деп аузын жабасыз және айналадағы өзгелерді осыған сендіресіз. Ал саналы, тәуелсіз адам болсаңыз қолдағы қаржының көмегімен алып үй тұрғызып болашақтың қамын мықтап жасайтын боласыз. Сонымен қатар ұрпақ үшін өле-өлгенше жағдай жасап артығымен мал-мүлікті сақтап қоясыз. Ешқандай да қарыз жоқ басыңызда баспана, іргетасы мықты, қабырғасы қалың, шатыры су өтпейтін үй емес қорған салатын едіңіз. Дос қызығып, дұшпан қызғанып қарайтын үлкен отбасы болар едіңіз. Ал қазіргі біздің мемлекеттің іргетасы орыстың цементімен, қытайдың қабырғасымен, арабтың шатырымен жабылып құрылысы бітпей қаңырап тұр. Қысқа жіп күрмеуге келмей қарызға белшеден батып тұрғанымыз жасырын емес. Ұлы қорған салу үшін Қазақтың тілімен іргетасын қалап, Нағыз Тәуелсіз Батыр Халықпен қабырғасын тұрғызып, Ұлттық Салт-дәстүр, Ислам дінімен шатырымызды жауып алуымыз керек болып тұр.

Беглан Шарынбай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір