Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3754 0 пікір 6 Қаңтар, 2016 сағат 11:13

ИРАН ЖЕРАСТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ҚОЙМАЛАРЫН ЖАРИЯ ЕТТІ

Иран жаңа баллистикалық зымыран сақталатын және бұған дейін белгісіз болып келген бункер туралы мәліметті жариялады.

Елдегі мемлекеттік БАҚ «Эмад» зымырандары сақталатын жерасты әскери нысанының салтанатты ашылуына парламент спикері Али Лариджани қатысқанын хабарлады.

БҰҰ сарапшылары қазан айында әсер ету радиусы орташа осындай түрдегі қаруды сынау арқылы Тегеран өзіне баллистикалық зымырандарды ұшыруға тыйым салған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын бұзды деп түйіндейді. Ақ үй «Эмадты» сынақтан өткізгені үшін жаңа экономикалық санкциялар салуы мүмкін екенін ескертті.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирби  қаңтардың 5-де Вашингтон «техникалық сәттерді» пысықтап жатқанын және «санкцияларды қолдануға толық дайын» екенін мәлімдеді. Қазан айында Тегеран зымырандар мен ұшыру қондырғылары бар басқа жерасты қоймасы туралы ақпарат берген еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2020
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2020
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587