Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4792 0 пікір 6 Қаңтар, 2016 сағат 11:16

НАТО: АЛЬЯНС САЯСАТЫ РЕСЕЙГЕ ҚАУІП ТӨНДІРМЕЙДІ

НАТО Солтүстік Атлантикалық одақтың Ресейге қауіп төндіретіні туралы Кремльдің мәлімдемесін теріске шығарды.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, НАТО өкілі  Оана Лунгеску президент Владимир Путин желтоқсанның 31-де қол қойған ресейлік жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты осындай түсініктеме берді. Ресейдің жаңаланған ұлттық қауіпсіздік стратегиясында НАТО аясының кеңеюі ел үшін басты қауіптің бірі боп саналады. Одан бөлек, Кремль Батыстың мақсаты «интеграциялық үдерістерге қарсы әрекет ету, шиеленісу ошақтарын тудыру» және мұндай жағдай Ресейдің мүдделеріне қайшы келеді деп санайды. Лунгеску бұл пікірді негізсіз деп атады.

Ресейлік жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Ресейдің батыс елдерімен қарым-қатынасы мен «мемлекеттің қорғаныс қабілетіне» құжаттың тең жартысына жуығын қамтитын 40 бөлім арналған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2435
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2013
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1585