Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2184 0 пікір 14 Маусым, 2010 сағат 18:50

Ғаббас Қабышұлы. АРАНДАТУШЫЛАР АТҚА МІНДІ-АУ!

Халықтың мүддесін ойламаған, өзін, бала-шағасын, жағымпаздана шашбаулаушы  айналасын жарылқауды білген Қ. Бақиевты тақтан тайдырған Ұлы Манас ұрпағына риза болған қазақтардың бірі мен едім. Қырғыз бауырларыма осы сайт  арқылы «Бәрекелді!» деп ыстық лебіз жолдап едім. Ал бүгін өкініп отырмын. Өкінішімнің себебі Манас ұрпағының ірі қимылын құптағанымда емес, жоқ, ол емес! Себеп - оларды арандатушы сойқандардың атқа мінгені. Өкімет халық өкілдерінің қолына өткеніне ашық қарсылық көрсете алмаған арамзалар дереу астыртын әуейілікке кірісіп, мінез-құлқы қалыптаспаған жастарды жаңа басшылыққа қарсы айдап салды. Тағыда:  қирату, тонау, өртеу, ұрып-соғу, өлім... ұлтаралық шиеленіс тудыру. Мұндай сұмдықты қазақ күні кеше, 1986-жылғы желтоқсанда, басынан кешкен. Сол күндері алаңда автокөліктерді аударып өртегендер, басалқы сөз айтқандарды тыңдамай айқайлағандар, оларға тас, мұз лақтырғандар, милицияға, жасақшыларға тіл тигізіп, қол жұмсап жағдайды ушықтырғандар - әдейі арандатушылардың қолшоқпарлары, құлдары болғаны сөзсіз. Арандатушы «белгісіздердің» алаңға арақ апарып таратқаны да белгілі болды. Сол жауыздықтың Бішкекте қайталанғаны, әлі де жалғасып жатқаны әнеки. Өте өкінішті! Оны әуелгі бейбіт ереуілшілерге таяқ жұмсатқан, оқ атқызған бақиевшылдар, олардың арандатуына жем болған жалдамалылар істеп жатқаны күмәнсіз дей аламын. Иә, солар! Олар Манастың ұрпағы емес!

Осындай қысылтаяң кезде ел азаматтарының қол ұстаса қалмағаны түсініксіз. Мысалы, кезінде әділетсіз билікке қасқиып қарсы тұрып, қайыспай күресіп, исі қырғызға бек танымал болған Феликстің - бүгінде әйгілі «Ар-Намыс» партиясының  басшысы Феликс Куловтың сын сағатта жаңа басшы Роза Отынбаеваның жанынан табылмай, ат арытып Алматыға келіп, «АйтПаркте» клубына, Мәскеуге барып, «Эхо Москвы» радиосына жүгінгені қалай? Қырғыз мәселесін сөйтіп шешу керек пе еді? «Отынбаева шақырмаған соң» ба? Шақырту тілеу керек пе еді? Шақырту тілеу Феликске жарасты ма? Роза Отынбаеваның, оның жанындағы басқа ағайындардың шақырған-шақырмағанын кім біледі? Феликс өзі барып, ондағылар кеудесінен кері итеріп пе? Ал сырттағы жүгінгендерінен қырғыз халқына тиген пайда кәні? Бүгінгі бүліншілікте қайсысы қабырғасы қайыса басу айтты, нендей бітімдік ұсыныс жасады? Қырғыз халқына қандай жәрдем берді? Қайта билікшілдердің әділетсіздігіне,  бақиевшы «бөліп ал да, талай бер!» тәртіпке қарсы әп деп бас көтерген жастарды - Манас ұрпақтарын «тентектер, бұзықтар» деп тілдегенін естідіңіздер ғой? Белоруссияға барып бұғып жатқан Бақиев: «Джалал-абадтағы, Оштағы сойқандыққа қатысым жоқ» депті, онысы көлгірсу екенін екінің бірі біліп отыр емес пе?

...Ұлы Манастың ұрпақтары, араларыңдағы арандатушыларды әшкере етіп, аулаққа қуып тастаңдар! Бүліншілікті тиыңдар! Манас елінің -  Қырғызстанның ертеңі тыныш, тұрмысы түзелуін ойлаңдар! Әлі де кеш емес, ойланыңдар, айналайындар!

Алматыдан ағалық тілегін жолдаушы - қарапайым қарт жазушы  Ғаббас  ҚАБЫШҰЛЫ.

12. 06. 2010 ж.

.................................

Құрметті «Abai.kz», әрі ағайын, әрі іргелес Қырғыз елінде көкек айының алғашқы аптасында төңкеріс болғанына, бауырларымыздың Қ. Бақиев тобының тепкісі мен езгісіне қарсы ерлік жасағандарына қуанып, өзің арқылы ойымды айттым ғой. Ол Төңкерістің ақыры бүгінгідей зор бүліншілікке ұласты, оны ұйымдастырушылар есесі кеткен бақиевшылар екені даусыз. Ал өзіміздегі кейбір фәлсәфәшілдер сол мақалам үшін бүгін маған «Қырғыздың бүлікшіл жастарын жақтаушы» деп ғайбат сөз таратып жүр. Өзінен өзге мін таға теріссөйлегіш соларға  жауап болсын деген оймен осыны жаздым, егер жөн десең, жарияласаң екен!   Автор.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1043
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 921
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 685
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 775