Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3630 0 пікір 14 Маусым, 2010 сағат 03:38

Меруерт ХУСАИНОВА. СОЗАҚ КӨТЕРIЛIСI жөнiнде бiз не бiлемiз?

Қазақстанның қайтадан қатталып жатқан тарихында ақтаңдақтар көп. Мәселен, соңғы жылдары мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерiне арналған оқулықтарда бүгiнгi Қазақстанның саяси билiгiне жақпайтын тарихи тұлғалар мен оқиғалар, ежелгi елдiң өмiрiндегi құбылыстар қысқа ғана қайырылып, екi-үш ауыз сөзбен айтылады. Мысал үшiн, ұлттық мемлекет идеясын көтерген Алаш ақиқаты мен Алаш үкiметiнiң мән-мағынасы тұтас бiр тарауға татитын тақырып болса, оқулықтарда ол жағы олқы соғып жатқаны жан ауыртады.

Сондай бiр бүгiнгi ұрпақ үшiн бүркелiп қалған үлкен тақырып - Қазақстандағы халықтық ереуiлдер мен көтерiлiстер тарихы. Бергi - тәуелсiз елiмiз­дiң жаңа тарихындағы ереуiл­дердi айтпағанда, арғы - кеңес­тiк идеологияға, тоталитарлық доғал саясатқа қарсы шыққан халықтың ерiк-жiгерi, орасан оқиғалардың сая­си-әлеуметтiк астары ешбiр оқулықта егжей-тегжейлi жазылмайды.

Саясаттану тарихын зерттеу­шiлердiң пiкiрiне қарағанда, мұндай ақтаңдақ бүгiнгi мем­лекеттiк басқару билiгiне жағымсыз тарих ретiнде бағаланса керек. Ал бұл «жағымсыздықтың» жұмбағын ашу аса қиын емес: мемлекеттiк билiкке қарсы көтерiлiстер тарихын, оның рухын халықтың санасына салу, әсiресе жастарға жалын-жiгер беру - бүгiнгi ел билiгiнiң түбiне же­тетiн алғышарт болуы мүм­кiн.

Қазақстанның қайтадан қатталып жатқан тарихында ақтаңдақтар көп. Мәселен, соңғы жылдары мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерiне арналған оқулықтарда бүгiнгi Қазақстанның саяси билiгiне жақпайтын тарихи тұлғалар мен оқиғалар, ежелгi елдiң өмiрiндегi құбылыстар қысқа ғана қайырылып, екi-үш ауыз сөзбен айтылады. Мысал үшiн, ұлттық мемлекет идеясын көтерген Алаш ақиқаты мен Алаш үкiметiнiң мән-мағынасы тұтас бiр тарауға татитын тақырып болса, оқулықтарда ол жағы олқы соғып жатқаны жан ауыртады.

Сондай бiр бүгiнгi ұрпақ үшiн бүркелiп қалған үлкен тақырып - Қазақстандағы халықтық ереуiлдер мен көтерiлiстер тарихы. Бергi - тәуелсiз елiмiз­дiң жаңа тарихындағы ереуiл­дердi айтпағанда, арғы - кеңес­тiк идеологияға, тоталитарлық доғал саясатқа қарсы шыққан халықтың ерiк-жiгерi, орасан оқиғалардың сая­си-әлеуметтiк астары ешбiр оқулықта егжей-тегжейлi жазылмайды.

Саясаттану тарихын зерттеу­шiлердiң пiкiрiне қарағанда, мұндай ақтаңдақ бүгiнгi мем­лекеттiк басқару билiгiне жағымсыз тарих ретiнде бағаланса керек. Ал бұл «жағымсыздықтың» жұмбағын ашу аса қиын емес: мемлекеттiк билiкке қарсы көтерiлiстер тарихын, оның рухын халықтың санасына салу, әсiресе жастарға жалын-жiгер беру - бүгiнгi ел билiгiнiң түбiне же­тетiн алғышарт болуы мүм­кiн.

Мiне, осындай бүгiнгi ұрпақ­қа ұғынықсыз ұлы оқиғалардың бiрi, мемлекеттiк билiктiң ықпалымен тарихтан сызылып қалу қаупi бар тақырып - Созақ көтерiлiсi. Осыдан тоқсан жыл бұрын ғана болған бұл көтерiлiс­тiң кең тарихы әр жылдары жеке-дара шыққан әдебиеттерде жазылғаны болмаса, оқулық кiтаптардан ол жөнiнде толымды дерек табу мүмкiн еместiгiн осы мақаланы жазу барысында айқын аңғардық.

Созақ - Оңтүстiк Қазақстан облысының терiскейiнде орналасқан аймақ. Тарихи мұра мен қазба байлығына бай бұл өлке бiр кездерi «Терiскей» деп те атал­ған екен. Халық арасында «Созақ» атауының шығу төркiнi туралы көптеген аңыздар сақ­тал­ған. «Суы зәк» деген тiр­кестiң өзгерген түрi қазiргi Созақ атауына айналған дейдi бi­летiндер. Бiрақ қазақтың ежелгi тiлiнен «зәк» деген сөздiң мағынасын аңдау да оңай емес.

Қалай болғанда да, Созақ өңiрiнде ел билеген хандар мен аты аңызға айналған абыздардың кесенелерi мен ескерткiш­терi көп сақталған. Көшпендi елдiң бiр пұшпағы болып, Арқа­ға иек артқан алқаптың халқына да ұлы даланың еркiн, асқақ мiнезi сiңген.

Мiне, осы аймақта өткен ғасырдың 20-30 жылдарғы ке­ңес­тiк коллективтендiру науқанына қарсы халықтық үлкен көтерiлiс болғаны белгiлi. 1930 жылы елдiң беделдi азаматтарының мал-мүлкiн тәркiлiп, бас көтергендердi ит арқасы қияңға жер ау­дару, салық түрлерiн көп­теп салып, нара­зы­лық бiлдiрген­дер­дi Созақтағы абақтыға жа­уып тастау сияқты iс-әрекеттер шегiне же­тiп, халық ерiксiз қо­лына қару алып, әдiлетсiздiк пен зорлық-зомбылыққа қар­сы шығады. 1930 жылғы ақпан айының басында бұрқ ете қалған, тарихта «Созақ көтерiлiсi» деген ат­пен белгiлi болған оқиғаның мән-жайын Голощекин Мәс­кеу­дегi Сталинге жеткiзген. «Кең­ес өкiметi жойылсын!», «Хан­дық билiк жасасын!», «Қазақ үкiметi жасасын!» деп, ұран көтерiп шыққан көтерiлiсшiлердi аяу­сыз қырып-жаншу жөнiндегi бұйрықтың Кремльден шыққаны туралы дерек бар. Бiрақ кеңестiк «ОГПУ», «НКВД» және кейiнгi «КГБ» архивтерi­нiң кiлтiн ұстап отырған қазiргi Ресей үкiметi орыстардың ордасынан шыққан озбырлыққа қатысты деректердi шеңгелiнен шығармауда. Сондықтан Созақ көтерiлiсiне қатысты материалдар қазақ тарихшыларының қолына толық тиген жоқ. Тигенi тәуiр уақыттың тууын күтуде.

Қолда бар деректер бо­йынша, көтерiлiсшiлер ең алдымен кеңестiк жүйеге қарсылық белгiсi ретiнде өз орталарынан шыққан танымал тұлға Сұлтанбек Шолақовты хан сайлаған. Хан бастаған көте­рi­лiстi А.Асдулла, бұрынғы милиционер Құжақ Бейсенбаев, Д.Отын­баев, К.Жолшиев, С.Ша­­лымбетов, А.Дюганов, О.Оразбаев және Т.Аюбаев қостап шыққан.

Халықтың бұл бас көтеруi бодандыққа, жаңа жүйенiң қанды шеңгелiне қарсы шығып, бос­тан­дыққа ұмтылған жанай­қайы едi. Кеуделерiн кек кернеп, ашу-ызадан булыққан елдiң азаматтары алдын ала келiсiлген уақытта - ақпанның 7-iнде таң ата бас қосып, аудан орталығы Созақ қыстағына басып кiредi.

Дегенмен кеңестiк идеологияның ықпалымен жазылған тарих бойынша, көтерiлiсшi ха­лық «қанiшерлер», «жабайылар», «бассыздар» ретiнде көр­се­тiледi (расында, ол дәстүр қазiр де жалғасын табуда: бүгiнгi бас көтерушiлер «содырлар», «терроршылар», «исламшылар», «тұ­рақ­ты­лықты бұзушылар» ре­тiнде бағаланады).

Сол совет­тiк жазбалар негiзiне сүйенсек, «кө­терiлiс­шiлер жер­гi­лiктi кең­ес­тiк өкi­меттiң белсендi­лерiн қолға тү­сiрiп, оларды жаппай сабап, кек қайтарады». «Бас кө­теру­шi­лер қолына не түссе, сонымен - шиттi мылтық, таяқ, орақ, балта, айырмен қару­ла­нып, кеңсе­лердi, кооператив­тердi, қамба мен дүкендердi тонайды». «Абақ­­тының есiгiн бұ­зып, қамау­да жатқан қылмыс­кер­лердi босатып алады», т.с.с.

Ал, анығында, ғасырлар бойы ханға бағынған көшпелi қазақтың, кең даланың дарқандығы бойына дарыған халықтың мұн­дай «бассыздыққа» баруы мүм­кiн емес едi. Мәселен, сол сыңаржақ тарихтың өзiнде: «Көте­рiлiсшiлер бастарына ақ сұрып байлап, ақ ту көтерiп шықты», - деп жазылған. Яғни ақтыққа оранып, ақ ту көтерiп шыққан адамның ниетi де таза болғаны. «Ақиқат» деген сөздiң тү­бiрi «ақ» болса, ақиқат үшiн аттанған дала қазағы «қанiшер» болуы мүмкiн бе?

«Кеңес орындарына басып кiрiп, шаш қойған қызмет­керлердi ұрып-соғып, көшеге алып шығып, аяусыз жаза­лайды» деген дүдәмал деректiң астарында кеңестiк тәртiпке наразылықтың белгiсi жатқаны анық. Көтерiлiсшiлер үшiн «шаш қойған адам» - кеңестiк жүйенiң жақтаушысы. Ендеше, халықтың мал-мүлкiн тартып алып, зорлықпен ұжымдастырған, қарсыласқандарды түрмеге тыққан жаңа жүйенiң жақтаушысын «жазалағаны» айып па екен?

Бiрақ, анығында, Созақ көтерiлiсi көпке созылмады. Пулеметпен, винтовкамен қаруланып, Созақты қоршап алған қызыл әскер көтерiлiсшiлердi аяусыз қырғынға ұшыра­тады. Атыс барысында көтерiлiсшiлер жағынан 400-ден астам адам өлiп, 200-ден астамы тұтқынға алынған бұл көтерiлiстен кейiнгi сахара елiнiң өмiрi аянышты едi. Бұрын-соңды мұндай қия­мет-қайымды көрмеген халық төбесiнен жай түскендей, ата жұртын тастап, топ-топ болып, жаяу-жалпы күнгейдi бетке алып, «Кiшi Октябрьдiң» зардабынан тоз-тозы шыққан ел Өзбекстан мен Тәжiкстанға, Түрiкмен­станға қарай үдере қашады. Созақ көтерiлiсi шыққан және оның кiндiгi болған №6-ауылдағы халықты большевиктер бала мен әйел екенiне қарамай қырып, тоз-тозын шығарады. Наразы топты бастап шыққан көшбасшыларды сотсыз атып, қостаушыларды «итжеккенге» айдап, балаларын бертiнге дейiн қоғамнан аластау үрдiсi орын алады.

Бiз интернет иiрiмiнен кездойсоқ кез қылған мына бiр материалда (өкiнiшке қарай түп­нұсқа көрсетiлмеген) баяндал­ған деректер шындыққа жанасады:

«Сол кездегi ресми құжаттарда бұл тәртiпсiздiктi ұйымдастырушылар байлар, тыңшылар және молдалар деп айтылады. Ал, негiзiнде, көтерiлiс­тiң басшысы сол тұста көте­рiлiсшiлер өздерiнiң ханы етiп сайлаған Сұлтанбек Шолақов болатын. 1928 жылдары бас­тал­ған мал-мүлiктердi тәр­кiлеу мен азық-түлiк жинау әрекет­терi халықты бас көтеруге итермелеген. Көтерiлiс­шiлер осы кезде өздерiне ханнан басқа әйелдер кеңесi мен билер сотын да сайлап алады.

ОГПУ-дiң мәлiметтерiне қарағанда, наразылық танытқан халықтың саны екi мыңнан ас­қан. Сұлтанбек Шолақов бастаған топ 7 ақпанда Созаққа басып кi­рiп, ол жердегi түрмеден өз туыс­тарын босатып алып, кеңестiк және партиялық қызмет атқарушыларды тұтқынға алады. Бұл көтерiлiстi басу үшiн, Шымкент­тен Исаев бастаған ОГПУ отряды жөнелтiледi. Осы отрядтың артын ала, Полесов бастаған тағы бiр топ та жiберiледi. Жоғары жақтан жiберiлген отрядтар мен көтерiлiсшiлер арасында 12-14 ақпан күндерi қарулы қақ­тығыс болады. Үш күнге созылған атыс кезiнде ОГПУ өз отрядынан жетi адамды, ал көтерi­лiсшiлер 80 адамын жоғалтады.

13 ақпанда көмекке жеткен Никитенконың отряды Созақты қоршап алып, оқ жаудырады. Төрт сағатқа созылған шешушi соғыс 16 ақпанда болады. Нәти­жесiнде 300 көтерiлiсшi қаза тауып, 200 адам тұтқынға алынады. Көтерiлiстiң бетi қайтарыл­ғанымен, оған қатысқандарды, олардың жақын-туыстарын қудалау жалғасады.

Арада бiр ай өткенде, яғни сол жылғы наурыздың 15-iнде Никитенконың адамдары № 5-ауылда бес адамды өлтiредi. 1930 жылғы наурызда Сталинге жазған хатында оның қолшоқпары Голощекин көтерiлiсшiлерден 400, ал қызыл әскерлерден 50 адамның өлгенiн хабарлаған.

Сөйтiп, 1930 жылғы 4 шiлдеде Созақ көтерiлiсiнiң соңғы нүктесi қойылады. 311 адам қылмыстық жауапқа тартылып, 88 адам «төтенше соттың» шешiмiмен ату жазасына кесiледi,150 кө­терi­лiс­шi жазаға тартылып, ең­бек­пен түзеу лагерьлерiне жөнел­тi­ледi.

Сондай-ақ «төтенше соттың» шешiмiмен 21 азамат Сiбiр­ге айдалса, он адам Қазақстанның тiрi жан бара қоймайтын түк­пi­р­дегi аудандарына жiберiледi».

Жиырмасыншы ғасыр-дың 1929-1932 жылдары аралығындағы Қазақстандағы болған осы көтерiлiстер туралы елiмiз тәуелсiздiк алса да, әлi күнге дейiн ашық айтылмай жүргенi жасырын емес. Тек қана Қазақстанда кеңес билiгiне наразылығын бiлдiрген мұндай iрiлi-ұсақты 338 көтерiлiс бол­ған, оған 80 мыңға жуық адам қатысты деген дерек бар. Мал шаруашылығымен ғана күнелтiп отырған көшпелi қазақты жоғары жақтың салықпен қысқаны аз болғандай, ұлтсыздандырудың нағыз жанданған науқаны да осы кезде жүргiзiлдi. Атадан балаға қалып отырған жерi мен елiн жоғалтудан бiр қорыққан қазақ ендiгi жерде өзiнiң қазақ болып қалмайтынын түсiнiп, екiншi рет қатерге душар болды. Халықтың ашуына кек қосқан да осы ұлтсыздандыру саясатының қоғамға сыналай енуi болатын.

Сондай-ақ, колхоздастыру тарихын зерт­теушiлердiң айтуына қарағанда, осы оқиғалардан соң, 5551 адам түрмеге қамалып, олардың 883-i ату жазасына кесiлген екен. Бұл, әрине, толық емес деректер болса керек. Күштеп колхоздастыру мен солақай саясатқа наразылығын бiлдiрген қазақ арасында Тақтакөпiр, Бостандық, Батпаққара көтерiлiстерi (1929 ж). Созақ, Ырғыз, Қарақұм, Шұбартау, Балқаш, Зыряновск, Өскемен, Шоқпар көтерiлiстерi (1930), Адай көтерiлiсi (1932 ж.) болған.

Құлдық сананың тереңiне түсiп кеткен қазақтың оянуы қалай тез болса, сол қазығына қайта оралуы да оңай болатынын бұл күндерi ерiксiз мойындағандаймыз. Олай дейтiнi­мiз, «тәуелсiз елмiз» деп, ауыз толтырып айтқанымызбен, сол тәуелсiздiктiң жемiсi жалпақ қазаққа бұйырды дегенге күдiк көп. Бүгiнгi ерек­шелiгiмiз сол - Қазақстанды «өз адамымыз» басқарып отыр. Бiрақ ат төбелiндей байлар мен бас­қа жақтың келiмсек­терi иеленген халықтың қайран қазынасы сыртқа ағып жатыр. Мiне, кеңестiк келiмсек идеологияға ежелгi, ескi қазақтың өзi қарсы шыға бiлдi. Ал күн санап тоналып бара жатқан байлығымыз бен жерiмiзден, рухымыз бен өрлiгiмiзден ертеңге бiз не қалдырамыз, соңымызда не қалады - оны ойлаған, соған қаны қарайған бүгiнгi қазақ бар ма?

Меруерт ХУСАИНОВА


Құрметтi оқырман! Осы жарияланымға алып-қосар деректерiңiз болса, редакциямен хабарласыңыздар. Ең бастысы, кеңестiк және кейiнгi тәуелсiз-тоталитарлық жүйеге қарсы сiз­дiң елде ереуiлдер болды ма, ондағы жұртшылықтың талап-тiлегi қандай болды, сол қозғалыстан шыққан нәтиже бар ма - осы жөнiнде хаттар күтемiз. Редакцияның мекенжайы мен электронды поштасы соңғы бетте көрсетiлген.


Тараздағы таңба

1931 жылғы 2 наурыздың қара түнiнде атылған көтерлiсшiлердiң жансыз денелерi Әулиеата қаласының шетiндегi терең орға тасталады. Қазiр бұл ордың үстiнде Тараз қаласының 5-шi ықшам­ауданындағы бес қабатты үйлер орналасқан. Үйдiң ауласында күнделiктi балалар асыр салып ойнаса, өткiншiлер әдеттегi күйбеңмен ары-берi жүрiп жатады. Осынау үйлердiң астында тәуелсiздiк үшiн қан төккен ер жүрек азаматтарымыздың жатқанын ешкiм де бiлмейдi. Бүгiнгi күнiмiзге өз үлестерiн қосқан батырларға бас иiп, тағзым етуге тiршiлiктiң қамыты жар бермесе керек-тi...

Раушан КӨШЕНОВА,

педагогика ғылымдарының кандидаты


ДЕРЕКТЕР НЕ ДЕЙДI?

ҮШ ЖЫЛДА 5,5 миллион қазақ ҚЫРЫЛҒАН

Статистикалық мәлiметтерге сәйкес, 1926 жылдан 1939 жылға дейiн КСРО азаматтарының саны 16%-ға, оның iшiнде Армения - 45,5%, Тәжiкстан - 43,8%, Әзiрбайжан - 38,5%, Өзбекстан - 37,4%, Түрiкменстан - 25,4%, РСФСР - 17,1% өскен болса, Қазақстан мен Украинадағы халық, керiсiнше, кемiген.

Қазақ АССР-i мұрағаттар мәлiметiне қарағанда, тек қана 1930 жылдан 1933 жылдар аралығында республика халқының саны 5 873 000-нан 2 493 500-ға кемiген немесе 3 479 500 адамға азайған, яғни 59,2% төмендеген.

1926 -1932 жылдары халық саны Павлодарда 32,1%, Қостанайда 23,1%, Батыс Қазақстан облысында 14,4%, Ақтөбеде 7,7%, Семей облысында 9,8% кемiген.

Осыған дейiн сан ғасырлық тарихы бар қазақтар мұндай сұмдық трагедияны бастан кешпеген едi. Ресей Федерациясының мұрағат қорында сақталған көптеген құжаттардың әлi күнге дейiн құпия сақталып отырғаны жасырын емес. Алайда қолда бар материалдардан 1929-1931 жылдары Қазақстанда 80 мың адам қатысқан 327 қарулы көтерiлiстердiң бол­ғаны мәлiм. Солардың iшiнде ең белгiлiсi - Созақ және Адай көтерiлiстерi. Көтерiлiс­шiлерге қарсы кең көлемдегi әскери жұмыстар жүргiзiлiп, танктер қолданылып, қазақ ауылдары ұшақтан оқ атылып, талқандалған.

 

ДЕРЕКТЕР НЕ ДЕЙДI?

Шетке қашқан қазақ БАУДАЙ ҚЫРЫЛҒАН

1930-1931 жылдары бас сауғалаған 1 млн.130 мың қазақ Иран, Ауғанстан, Қытайды бетке алып қашады. Аштық пен қорлыққа төзгенше, өлiмнiң тез болатын түрiн дұрыс көрген қазақтар оққа өздерi ұмтылған. Шекара бекетiндегi күзетшiлер шекара асып бара жатқан қазақтарды пулеметпен атқылап, баудай қырған. Аштықтан әбден қалжыраған бұл адамдар қиналыстарын жеңетiн мұнан басқа жолды таппаған. Шекарадан өтуге әрекет еткендердi оққа көмген күзетшiлер жасы мен кәрiсiн, бала мен әйелiн ажыратып жатпаған. Тоталитарлық режим аяушылық пен жарылқауды бiлмедi.

Осы оқиғалардан соң, небары төрт жылдан кейiн жаппай ашаршылық орын алып, қазақтың 60%-ы қырылды. Мұның артын ала Қазақстанда саяси қуғын-сүргiн науқаны жүргiзiлiп, қазақ интеллигенциясының 105 000 өкiлi тұтқындалады, лагерьлерге жер аударылады. Олардың iшiнде 25 000 азамат ату жазасына кесiледi. Бұл туралы қазақтың тарихшысы Қалибек Данияров өзiнiң «Взгляд в прошлое. История» кiтабында осылай еске алады.


«Общественная позиция» «DAT» жобасы № 23 (60)  9 маусым 2010 ж.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1792
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1783
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1501
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1400