Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Билік 7351 0 пікір 22 Қаңтар, 2016 сағат 16:17

«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ»: ҚАЗАҚТАР ҚЫТАЙ ТІЛІНЕН СЫНАҚ ТАПСЫРУДА

«Қытай тілін білмейтін һәм жетік меңгермеген жұмысшылар өз қызметтерінде жоғарылау мүмкіндігінен айырылып отыр. Тіптен, компаниядан шығып қалу қаупі төнген. Ал егер Қытайдың көне тілін оқымай келген жағдайда таныс пен белгілі бір сомадағы қаражат арқылы ғана жұмысқа орналасуға болады», — деп жазады «Ақтөбе Таймс» «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»-дағы бассыздықты әшкерелеп. Бұл жөнінде «Ақтөбе Таймсқа» сілтеме жасай отырып «Ұлт порталы» хабарлады.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының жетекшілері өзінің жаңа заңдарымен жұмысшыларын сарсаңға салып, олардың ашуы мен қарсылығын тудырып отыр. Бұл құжаттар қазақстандықтардың еңбек құқықтарын шектейді және тілдік дискриминацияның ашық түрде көрініс беруі болып есептеледі. Бұған дейін компания басшылары ««СНПС-Ақтөбемұнайгазда» жұмыс жасайтын қызметкерлердің 75% — надан, білімсіз және жалқау» деген мәлімдеме жасаған болатын.
Компания президенті Ван Цзюньжэньнің аузынан шыққан бұл әңгіме осы жылдың тамыз айынан бері жалғасып келеді. Барлық жұмысшы қытай тілін білуге және оны күн өткен сайын жетілдіріп отыруға міндетті болып шықты. Онымен қоса, байғұс қазақтардың 6 айда бір рет міндетті түрде сол тілден емтихан тапсыруы керек екен.


«Өз жерімізде жүріп өзгеге жем болғанымызбен қоса, сол ұлттың тілі мен дәстүрін қабылдауға мәжбүр болып қалғанымыз сұмдық емес пе?! Кеше орыстың «крещениесінде» суға түсіп, шоқынуды үйренсек, бүгін қытайдың «иероглифтерін» жаттап жүрміз…» дейді «Ұлт порталы» (http://ult.kz/?p=13350)
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 324
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 162
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 168
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 167