Сенбі, 4 Мамыр 2024
Бірлік 5264 0 пікір 24 Қаңтар, 2016 сағат 20:31

КҮРШІМДІКТЕР ЕЛБАСЫҒА ХАТ ЖОЛДАДЫ

Аса құрметті Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы!

Еліміз егемендік алып еңсесін тіктегелі, мінекей, аттай 25 жылдың жүзі болыпты, содан бері ел үшін істеген орасан еңбектеріңізге халқыңыз дән риза. Сол ізгі істеріңіздің бірі және бірегейі тәуелсіздік ала салып, Сіз бас болып шеттегі қандастарыңызды өз отаны Қазақстанға шақырдыңыз, содан бері  елге 1 млн 100 мың қазақ оралды.

Әлемде өз қандастарын арнайы квотамен жинап отырған жалғыз-ақ ел бар. Ол - Қазақстан. Жер бетінде мұндай мемлекеттік деңгейдегі көш-қон үрдісін, қандастарын елге оралту құбылысын Қазақстаннан басқа ешбір ел жасаған емес. Әлемдегі барлық қазақтың Алладан кейінгі панасы - біздің осы сағым тұнған Ұлы Даламыз және Сіз ғана.

Елдегі қазақ та, шеттегі қазақ та әйтеуір  Отаным бар деп өмір сүреді. Енді осы қарқынмен тағы да 1,5 млн. қазақ оралса, ол үлкен жетістік болар еді. Елбасы саясаты айқын, бағдары дұрыс, ақ түйенің қарны жарылатын күн алыс емес. Ауданымызға келген қандастарымыз Қазақ елінің тұрақты азаматы ретінде тең құқықты болып, мәре-сәре күй кешуде. Құдайға тәубе, үйі, кәсібі  бар, көлігі дайын, тамағы тоқ, киімі бүтін, бұның бәрін Сіздің елге деген ыстық ықыласыңыздан бөле қарауға әсте болмайды. 1 млн. қазақ деген сөз  бір үлкен қаланың тұрғыны ғой, бұл еңбегіңіз тарихта алтын әріппен қалатыны сөзсіз.

Бүгінде елге оралған қандастарымыз өнерде, спортта, білім және еліміздің әлеуметтік салаларында белді еңбек етуде, тіптен мамандығы жоқтарының өзі малын бағып6 шаруасын дөңгелетіп жүр. Бүгінгідей дағдарыс уақытында қандастарыңызға құшақ жайып: «Rелем деушілерге есігіміз әрдайым ашық» деген бір ауыз сөзіңіз бар қазаққа жылу сыйлағандай болды. Жаңа заң шеттегі қандастарыңыздың Отанға деген терең сүйіспеншілігін оятып, бір мезет тоқыраған көшке жаңа серпін берді.

Сізге айтар алғысымыз шексіз, әрдайым еліңіздің қорғаны болып аман жүруіңізді барша халық тілеуде. Сізге зор денсаулық тілей отырып, осы бір миллионға жуық  қандастарыңыздың ішінде не бір іскер, елім деген азаматтар жүргенін, солардың бірін алдағы жаңа парламент депутаттарының арасынан көргіміз келетінін айтып, өтініш етеміз. Бұл өз кезегінде билік пен қандастар арасындағы кейбір түсініспеушілікті жойып, алтын көпірге айналарына кәміл сенеміз.

...Білге қағанның заманынан қалған бір сөз бар: «Аз халықты көп қылдым, аш халықты тоқ қылдым». Бәлкім, сондай заман ежелгі Түркінің сар даласына тағы қайта айналып келе жатқан шығар...

Ізгі ниетпен: Нұрғайни Манапқызы Мұқанова, Орехова Татьяна Владимировна (Күршім аудандық кітапханасының кітапханашысы), Арзубов Владимир (орталық кітапхана жұмысшысы), Солтан Анджелика (аудандық Мәдениет үйінің жұмысшысы) қатарлы 19 адам қол қойды. Хат почта арқылы Елбасының атына да жолданған.

Күршім ауданы

Шығыс Қазақстан облысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1061
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 947
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 700
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 800