Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2576 0 пікір 13 Маусым, 2010 сағат 14:36

ҚХР төрағасы ҚР парламенті сенатының спикерін Қытайға шақырды

Астана. 12 маусым. ҚазТАГ - ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао ҚР парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевты Қытайға келіп-кетуге шақырды, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

Спикер Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған сенат депутаттары тобына Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтао  осындай шақыру жасады.

«Жоғары лауазымды қонақ сенат спикері мен палата депутаттарын өздеріне ыңғайлы уақытта ҚХР-ға сапармен келуге шақырды», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Қ.Тоқаев қытайлық әріптесі - жалпықытайлық халық өкілдері жиналысының төрағасы (ЖҚХӨТ) У Бангоға өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келу туралы шақыруын жеткізді.

Кездесу барысында Қ.Тоқаев Қазақстан-Қытай әріптестігінің екіжақты және көпжақты форматтағы басымдықтарын жүзеге асырудағы парламентаралық диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Баспасөз қызметінің атап көрсетуінше, Ху Цзиньтао Қ.Тоқаевқа ЖҚХӨТ У Бангоның сәлемі мен жақсы тілектерін жеткізіп, «ұзақ жылдар бойы Қазақстан парламенті мен Қытайдың ЖҚХӨТ Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын дамытуға ықпал етіп, екі ел халықтарының достығын нығайтып отырған тығыз байланыстар орнатып келеді».

Осы күні Ху Цзиньтао ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен және парламент мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджановпен кездесу өткізді.

Түскен дейін Ху Цзиньтао мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты қатынастардың жайын, аймақтық және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1767
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1745
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1467
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1377