Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 7826 0 пікір 1 Ақпан, 2016 сағат 13:20

БӘРЕКЕЛДІ! АТАЖҰРТЫНА ОРАЛҒАН АҒАЙЫН АРАСЫНАН ЕКІ ҮМІТКЕР ШЫҚТЫ

Abai. kz ақпараттық порталы мен қоғам белсенділерінің ұсынысына «Ауыл» партиясы құлақ асып, ден қойып жатыр.

Халықтық-демокартиялық «Ауыл» партиясының кезектен тыс өткен 12-ші құрылтайында Парламент Мәжілісіне үміткерлердің аты-жөндері аталды. Олардың ортасында «Әдемі Ай plus» ЖШС-нің жетекшісі Бахаргүл Төлеген бар. Бахаргүл ханым – орыстілді БАҚ жазып жатқандай оралман емес, Қытай Халық Республикасынан Атажұртына оралған қазақ қызы. Бүгінде ҚР азаматы (суретте).


«Біздің партиядан үміткердің бірі – Бахаргүл Төлеген. Ол – ҚХР-дан қоныс аударған қандасымыз. Қазір Бахаргүл еліміздегі табысы кемел бизнес-ледилердің бірі», - дейді «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев.

Сонымен қатар, Жалпы ұлттық социал демократиялық партиясы да кезекті өтетін Мәжіліс сайлауына өз үміткерлерінің тізімін жариялады. Партия төрағасы Жармахан Тұяқбай бастаған 27 кандитаттың құрамында Қазақстан оралмандар бірлестігінің жетекшісі Рахым Айыпұлы да бар (суретте).

«Көші-қон жайымен алыстан келген ағайындарымыз Мәжіліске депутат болып сайлансын, үміткерлер қатарынан табылсын», - деп Abai.kz ақпараттық порталында бірнеше ашық хаттар жарияланды, мақалалар жазылды. Міне, соның нәтижесі!

Бахаргүл ханым мен Рахым Айыпұлы депутат болар, бәлкім болмас. Алайда олардың үміткерлер қатарынан табылуының өзі "ЖСДП" мен "Ауылға" аброй әперіп, ағайын ел ішінің аталған партияларға деген сенімін арттырары сөзсіз.

 


 Ұзын-ырғасы 27 үміткерден тұратын ЖСДП тізімінде: ЖСДП төрағасы - Тұяқбай Жармахан, «Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Ғабиден Жакеев,  ақын - Әкім Жанұзақ, баспагер, публицист - Ермұрат Бапи,  т.б. қоғам белсенділері  бар.

Abai.kz 

0 пікір