Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Деп жатыр 5637 0 пікір 16 Ақпан, 2016 сағат 07:35

БАЯН ЕСЕНТАЕВА ҚАЙ ЖАҚҚА ҚОНЫС АУДАРАДЫ

Танымал продюсер Баян Есентаева Астана қаласына қоныс аударғалы жатқанын Инстаграм əлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

Астана қаласында бірнеше ірі жобаларының басталуына байланысты Астанаға қоныс аударуды продюсер бұрыннан ойлап жүрген. Тіпті тұрғылықты үй тауып, өзінің бір тоқтамға келгенін мәлімдеді. Мамыр айынан бастап жөндеу жұмыстарын жүргізіп, күзге қарай бір жола қоныс аударуды жоспарлап жүр.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың желтоқсан айында продюсер Баян Есентаева Астана қаласынан Shine Hall атты шығармашылық орталық ашатынын айтқан болатын. «Біздің барлық жобаларымыз Астанада шоғырланатын болады. Осы жерде шоу-бизнес орталығын құрғымыз келеді. Барлық әртістер әлі Алматы қаласында, сондықтан біз Астанада шоу-бизнесті дамытатын қозғаушы күш болғымыз келеді«, — деген еді продюсер.

Shine Hall шығармашылық орталығында мини-театр, балалар шығармашылық орталығы және дыбыс жазу студиясы мен кофейня орналасады. Орталықтың орналастын жері 2015 жылдың аяғында таңдалған болатын.

Енді, міне, Баян Есентаева өзі тұратын үйді таңдағанын мәлімдеді. Егер бұл тек жарнама емес, расымен Баян Есентаеваның тұратын үйі болса, онда ол кісі шамамен төмендегідей үйде тұратын болады. 

 baistars.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2194
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2582
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2511
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1681