Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Деп жатыр 4388 0 пікір 18 Ақпан, 2016 сағат 12:18

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ «ЕВРОВИДЕНИЕ» БАЙҚАУЫНА ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайбергенов «Евровидение» байқауына дайындалып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева айтып берді.

«Қазақстан әзірше «Евровидение» байқауына қатыспайды, дегенмен біз өтініш беріп қойдық. Димашты қызу дайындап жатырмыз. Ол біздің университеттің екінші курс студенті. Оның жеңіске жететініне күмәніміз жоқ. Димаш «Славян базары» байқауында жеңімпаз атанып, еуропа елдеріне танымал болды. Ол өте дарынды», — деді Айман Мұсақожаева.

Сонымен қатар, Димаш Құдайбергенов The Voice UK және USA («Ұлыбритания дауысы» және «АҚШ дауысы») байқауларына қатысуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, Димаш Құдайбергенов Витебскте өткен «Славян базары-2015″ халықаралық байқауында жеңімпаз атанған еді. Ол, сонымен қатар, «Шығыс базары» және «Мейкин Азия» байқауларының Гран-при иегері.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2193
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2581
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2502
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1680