Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3713 0 пікір 23 Ақпан, 2016 сағат 10:34

БАЙЛАР АӘ МЕН ИСПАНИЯДАҒЫ МҮЛІКТЕРІН ЖАРИЯ ЕТІП ЖАТЫР

Қазақстандықтар заңдастыруды пайдаланып, Араб әмірліктері мен Испания сияқты елдердегі коттедждерін жария етіп жатыр. Бүгінге дейін осы акция шеңберінде 40-қа жуық жылжымайтын мүлікті заңдастыру туралы шешім қабылданыпты. Бұл туралы 31 арна хабарлады. 

2014 жылдың қыркүйегінде басталған заңдастырудың алғашқы 15 айында азаматтар белсенділік таныта қоймаған еді. Содан кейін жария ету акциясы туралы заңнамаларға өзгерістер енгізілген болатын. Бұл жеңілдіктер туралы қаржы министрлігі әртүрлі бейнероликтер де дайындап, көрсетіп жатыр.

ЕРЖАН БІРЖАНОВ, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры:
- 39 объект бойынша, шетелде орналасқан объектер бойынша шешім қабылданды. Олардың сомасы 1 миллиардтан астам. Көбіне мынау Араб әмірлігі болсын, Венгрияда, Испанияда, Тайландтағы коттедждар осы акцияға қатысып, құжатын алып жатыр. Жақын орналасқан Ресейде, Өзбекстандағы объекттерді де көрсетіп жатыр.

1 миллиардты 39 нысанға бөлетін болсақ, 1 жылжымайтын мүліктің орташа құны 25-30 миллион теңге шамасында болады екен. Алайда, Испаниядағы коттедждер мен Өзбекстандағы пәтерлердің бір бағада бола қоюы екіталай. 

Сондай-ақ, мүлкін заңдастырған азаматтардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер бар ма, жоқ па, ол құпия екен. Қаржыгерлер, бастысы - шеттегі қаржы ел экономикасына жұмыс істесе болғаны дейді. 

Қалай десек те, бүгінге дейін жария етілген активтердің сомасы 700 миллиард теңгеден асқан. Оның 500 миллиардқа жуығы Қазақстан аумағындағы мүлік. Ал жыл соңында акция аяқталғаннан кейін қаражатын заңдастыра алмағандарға айыппұл салынбақ.

Бақытнұр Әлібай, Нұркен Тоқмурзин

31 арна

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2058
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2081
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600