Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 5154 0 пікір 18 Қыркүйек, 2015 сағат 08:41

«ЫРБЫҢБАЙЛАР»...

Қазір қай телеарнаны ашып қалсаң да көретінің, қазақты мазақ еткен ырбыңдаған, жырбыңдаған, аузы басын қисаңдатқан алабажақ әртістер. Қатын боп киінген – еркек, еркек боп киінген – қатын,  көгілдір экран алдында көстең-көстең, жыртың, жыртың етіп, әбден басқа ұлттарды қайдам, мына біздің қазақ көрермендерін әбден ығыр етіп болды. Салмақты дейтін телехабарлардың өзін тағы да қисаңдаған, сызданған, көсемсіген, сүйреңдеген әртістер жүргізеді.

 

Қазақтың тілін, дінін қорлап отырған жоғары жақ болса, мына «ырбыңбайлар» мен «жырбыңбайлар» да сол жоғарының тапсырмасымен «қазақты қорлаңдар» деп қойғандай әсер етеді.

Енді қазақтың «ырбыңбайлары» мен «жырбыңбайларына» қаптаған мәні мен мағынасы қазақ менталитетіне мүлдем жат, ана «Келін» сияқты үнді мен кәріс сериалдары қосылған.

Біздегі телеарналардың  мемлпекет тарапынан қаржыландырылатыны белгілі. Яғни, олар қазіргі биліктің ғана сойылын соғып отыр деген сөз.

Мына «ырбыңбайлар» мен «жырбыңбайларды» тойтаңдатып қойған да, бүгінгі қазақстандық билік емес деп кім айта алады, бұдан соң?

Осындай масқараларға жол беріп отырған біздегі барлық телеарналардың басшыларының не ойлағандары бар? Оларға «жатпай, тұрмай, қазақты қорлаңдар!» деп ана жоғарыдағы мықты «көкелері» тапсырма беріп отыр ма?

Сонша масқаралап, қорлайтындай «Қалың елім, Қазағым, қайран жұртым»-ның (Абай) бұлардың алдында не жазығы бар?

Жұмаш КЕНЕБАЙ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1035
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 911
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 681
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 761